«Өміршіл рухтан – өлмес ерлік туады»

«Өміршіл рухтан – өлмес ерлік туады»

25 мамыр күні Ақтөбе қаласында ҚР ҚМ «Әскери-техникалық мектебі» РМҚК Ақтөбе филиалының ұйымдастыруымен қазақ халқының батыр, Отан қорғаған қаһарман ұлдарының бірі – Кеңес Одағының батыры Білтабанов Иманғали Таукешұлына арналған ескерткіш тақтасы орнатылды.

Ескерткіш тақтаның ашылуы батырдың туылғанына 94 жыл толуына сәйкес келді. Салтанатты рәсімге әскери бөлім басшылары, Ақтөбе гарнизоны, қоғамдық бірлестік өкілдері, белсенді жастар мен қала тұрғындары қатысып, гүл шоқтарын қойып, батыр рухына тағзым етті.

Білтабанов Иманғали Тәукешұлы 1925 жылы 10 сәуірде Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қосөткел ауылында дүниеге келген. Батыр сарбаз 1943 жылы әскери комиссариат қатарына шақырылып, пулеметшілер курсын бітіргеннен кейін Ленинград түбіне жіберілген.

1945 жылы 25 қаңтарда Оппельн қаласы (қазіргі Ополе қаласы, Польша) тұсында Одер өзенінен өтіп, арғы жағалаудағы Одерфельддер үшін болған ұрыста ғана Иманғали Білтабанов 120 қарсылас жаудың көзін жойды. Соңғы ұрыста ол беліне байланған гранаттармен дзотқа секіріп, жау амбразурасын өзімен бірге жарып жіберді. Осы ерлігі үшін Иманғали Білтабановқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Небәрі 19 жасында соғыста ерен ерлігімен, жасындай жарқылдаған кезінде көзсіз батырлығымен қаза тапты. Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай, «Өршіл рухтан – өлмес ерлік туады». Батырдың ерлігі ұрпақтан ұрпаққа, ғасырдан ғасырға үлгі болып қала бермек. «Өткенін ескермеген өшеді, Өткенін қастерлеген өседі»,- демекші бүгінгі ұрпақ батыр есімін бір сәтте болса да естен шығарған емес. Керісінше, есімі ұлықталып, жас ұрпақ жадында мәңгі қала бермек.

 

Запастағы подполковник Т. Молдагазин,

ҚР ҚМ «Әскери-техникалық мектебі» РМҚК

Ақтөбе филиалы директорының орынбасары

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи