Өмірге құштар, өнерге адал

Өмірге құштар, өнерге адал

   Ән өзінің иесін тапқанда ғана айдарлы демекші, біздің бүгінгі кейіпкеріміз Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының көркемдік жетекшісі, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Ағыбаева Сәуле Тауфикқызы жайында болмақ.

«Құлақтан кіріп бойды алар» әндердің орындаушысы, өнер иесінің талантына тәнті боласың. Бүкіл еңбек жолын Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерімен байланыстырған Сәуле Тауфикқызы 1986 жылы Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының музыка факультетін үздіктер қатарында бітіргеннен кейін офицер жолдасы қызмет атқаратын Венгриядағы Кеңес әскерлерінің оңтүстік тобында әскери ұйымның көркемдік жетекшілігін атқарады. Еліміз егемендік алған тұста ол жолдасы Талғатпен бірге отанға оралып, Кеңес Одағының Маршалы И.С.Конев атындағы Алматы жалпы әскери командалық училищесінде көркемдік жетекші, кейіннен Армияшылар үйінде мәдени жұмыстардың нұсқаушысы қызметін атқарады. Ал, 1993 жылы әнші ҚР ҚМ Орталық Ансамблінің ән орындаушысы болып шақырылған. 20 жыл бойы айбынды Армиямыздың рухын көтеріп, батыр бабаларымыздың ерліктерін шырқаған Сауле Тауфикқызы концерттік сапарменен барлық әскери полигондарда, оқу-жаттығуларда, ҰОС ардагерлерінің алдында, мәдени іс-шараларда Отан қорғаушы жауынгерлердің жігерін жанып, ән шырқағаннан шаршаған емес. Ол көптеген республикалық, халықаралық ән байқауларының жүлдегері. Ал 2001 жылы “Аркаболено” италия әндері байқауында 2 орынды иеленді. Әнші әпкеміз қазіргі уақытта Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында болашақ Отан қорғаушы офицерлерімізді оөнер жолына баулып, дайындау үстінде.
Сәуле ханым өмірде өте қарапайым, атақ-даңқым бар деп еш уақытта дандайсымайды, қашан көрсеңіз ашық-жарқын, айналасына шуағын шашып, жарқырап жүреді. Қашанда мерекелік іс-шараларда білгенін аямай, зыр жүгіріп, үнемі дайындықта жүргенін байқайсыз. Оның еңбегі бағаланып ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2000 жылғы 24 қазанындағы жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 2009 жылғы 4 желтоқсанындағы жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.
Майор Ербол Алибаев

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Итоги конкурсов АрМИ-2018 на территории Казахстана

Итоги конкурсов АрМИ-2018 на территории Казахстана