Нұсқаушы кадеттердің жұмыс жүйесі

Оқу орнында жеке құрамның оқуын жан-жақты қамту, сондай-ақ жеке дайындықты жетілдіру, оқу үдерісіне білім мен практикалық машықты жетілдіруге бағытталған тиімді үлгілер мен әдістерді енгізу мақсатында нұсқаушы кадеттердің жұмыс жасау жүйесі апробациялануда.

Оқу взводтарында анағұрлым дайындалған кадеттер қатарынан тактикалық, атыст, инженерлік және дене дайындықтары, сондай-ақ әскери топография мен байланыс құралдарын зерделеу бойынша 2 нұсқаушы кадеттен тағайындалған. Тағайындалған нұсқаушы кадеттермен оқыту бағыты бойынша оқытушыларды тарта отырып, әдістемелік-нұсқау беру жиыны өткізілді. Жиын соңында нұсқаушылардан құралған әрбір топқа өзіндік дайындық бойынша тақарыптар берілді. Сондай-ақ оқу семинары өктізілді. Онда нұсқаушы кадеттердің әдістемелік дайындық деңгейі тексерілді.
Тактикалық дайындық бойынша нұсқаушылар тобы үздік теориялық білімдері мен практикалық машықтарын паш етті. Семинар аяқталысымен кадеттерге бағыт бойынша нұсқаушылардың жапсырмалары табыс етілді. Кадет Ә.Дәулет жоғары әдістемелік дайындық дипломымен, кадет Д. Мишетбаев жоғары практикалық дайындық дипломымен марапатталды. «Аталған оқу смеинары маған ұнады. Нұсқаушылардың барлық топтары сабақтардың нәтижелі өтуіне ықпал етті. Алайда, тактикалық дайындық бойынша нұсқаушылар тобымыз үздік атанды. Біз жүктелген тапсырманы жете түсінеміз және мен маған жүктелген тапсырмаларды орындау үшін барынша күшімді салып, нұсқаушы кадет деген атақты абыроймен алып жүретініме сеніммен айта аламын», - деп кадет Тамерлан Хабибулин өз ой-пікірімен бөлісті.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"