Назерке тағы да көш бастады

44793 әскери бөліміне қарасты Семей қаласы Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын № 5 көпбейімді-гимназиясында құрылған «Айбын» әскери-патриоттық клубының мүшесі Бигалиева Назерке Есенқызы дәстүрге айналған Әлия Молдағұловаға арналған қыздар арасында пневматикалық винтовка атудан жарысқа қатысты.

Аталмыш іс-шара Ақтөбе қаласындағы №55 мектептің базасында өткізілді. Қазақстан әскери спорттық клубтар федерациясы, дене шынықтыру және спорт комитетінің ұйымдастыруымен өткізілген сайысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен 9 команда келді. Әр команданың құрамында алдын ала іріктеу сынынан өткен 5 қыздан бар. Олар екі турдан тұратын: біріншісі - мылтықты тіреп ату, екіншісі - мылтықты еркін ұстап, тіремей ату сайыстарынан жарысқа түсті. Шығыс Қазақстан облысының намысын Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейімді-гимназияның «Жас қыран» командасы қорғады.

Жалпы, команда капитаны Бигалиева Назерке жарысқа екі жыл қатарынан қатысып, биіктен көрініп келеді. Мәселен, Назерке өткен жылы «Мерген ару-2017» атанса, биыл батыр қызымыз «Мерген ару-2018» атағын тағы да қанжығасына байлады. Шараны ұйымдастырудың басты мақсаты — жастарға мәдени және әскери-патриоттық тәрбие беру жүйесін қалыптастыру, мектептерде қыздар арасында әскери-қолданбалы спорт түрін дамытуды насихаттау. Осы тұста 44793 әскери бөлімінің командирі подполковник К.Мырзағалиев пен әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі бөлімнің жетекшісі Д.Досанбекова құттықтап, мерген аруымызға тек биіктің шыңын бағындырып, Әлия апамыздың қайсарлығын тіледі.

«Шығыс» ӨҚ баспасөз қызметі

 

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"