Мобильді оқу-жаттықтыру топтары нұсқаушыларының дайындығы өтті

Қарулы Күштерді даярлау жоспарына сәйкес 2017 жылғы 17 сәуірден бастап Ш. Уәлиханов атындағы ҚР ҚМ Кадет корпусы базасында мобильді оқу-жаттықтыру топтары нұсқаушыларының біліктілігін арттыру курсы өткізілуде.

Бөлімшенің жауынгерлік тапсырмаларды сәтті орындауына ықпал ететін маңызды факторлардың бірі жеке құрамның кәсіпқойлығы болып табылатыны мәлім. Сондықтан әскери бөлімдер мен бөлімшелердің командирлері үшін жауынгерлік даярлық бойынша нұсқаушылар сержанттар мен сарбаздардың кәсіби дағдылары мен білімдерін қалыптастыру бойынша негізгі аспаптардың бірі болып табылады және оларды дайындауға ерекше назар аударылады.

 Курс барысында мамандық ескеріле отырып, оқып-үйренушілер жауынгерлік даярлық, атыс қаруын, ұрыс машиналарының жарағын ұстау және пайдаланубойынша сабақтарды өткізуде бірыңғай әдістемелік дайындық алады, сондай-ақ, әскерлердің күнделікті тыныс-тіршілігінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жөнінде қауіп-қатерді басқару үдерісін игереді. Әрі қарай дайындық және жазғы кезеңде мобильді оқу-жаттықтыру топтарының білікті гарнизондық нұсқаушылары орындарда әскери бөлімдерде іріктелініп алынған бригадалық және батальондық нұсқаушыларды оқытады. Осылайша, аталған жүйе жауынгерлік даярлық процесінде қолдану үшін нұсқаушыларды үздіксіз дайындауды қамтамасыз ете отырып, рет-ретімен білім мен машықты беруге мүмкіндік туғызады.

Мобильді оқу-жаттықтыру топтарының нұсқаушыларын дайындау тарихы 2010 жылдан бастау алды. Ол кезде алғашқы ұқсас курс өткізілген болатын. Бұл жеке құрамды оқыту жоспарында перспективалық тың жаңалықтардың бірі болды. Сержанттар құрамын дайындаудың аталмыш практикасы жетекші шет елдерінің әскерінде кеңінен қолданылады және көп жылдық практика негізінде өзінің тиімділігін дәлелдеді.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"