Минаатқыш құрылымдардың жарысы аяқталды

Минаатқыш құрылымдардың жарысы аяқталды

   «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының жалпыәскери оқу орталығында қыркүйектің 2 –8 аралығында ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің минометті және артиллериялық батареялары арасында жарыс өтті.

Өңірлік қолбасшылықтар мен десанттық-шабуылдау әскерлері арасындағы жарыс ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің зымыран әскері және артиллериясы қолбасшысының жетекшілігімен өтті. Ол минометті және артиллериялық батареялардың жауынгерлік дайындық деңгейін арттыруға бағытталған. ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің минометті құрылымдары арасындағы жарыс осы уақытқа дейін Отар гарнизонында ұйымдастырылып келді. Соңғы уақытта жоспардан тыс «Шығыс» жалпыәскери оқу орталығында қолға алынды. Ондағы ой – минометті құрылымдардың жауынгерлік дайындық деңгейін бөгде полигонда тексеру. Қатысушылардың сөзіне жүгінсек, артиллериялық атыс – ұрыс қимылдарын жүргізудің бір тәсілі. Артиллерия әр түрлі атыс түрлерін қолданумен қатар, ұрыс жүргізудің әр түрлі тәртіптерін, соның ішінде минометтің атысын да жүргізеді. Мәселен, 120 мм минометті жауынгерлік жағдайға келтіру үшін екі минутқа жетер-жетпес уақыт жұмсалады. Яғни, қарсылас тосыннан шабуыл жасаған жағдайда атысты жүргізуде айтарлықтай уақыт үнемделеді. Минометтің 24 жәшіктегі жиынтығы 48 атысқа жеткілікті. Оны ауыр техниканың көмегінсіз-ақ түсіріп және жинауға болады. Біз сөзбен айтқанда, бүгінгі күні 120 мм миномет қарсыластың атыс қуатын жойып, жаяу жасақтың қозғалысын тасалау үшін аса тиімді қарудың түрі.

   ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің минометті құрылымдары арасындағы жарыстың қорытындысы бойынша екінші орынды иеленген десанттық-шабуылдау әскерлері 32363 және 18404 әскери бөлімдерінің жеке құрамы Семей қаласының көрнекті жерін аралады. 19-шы ғасырдың көне ескерткіші – «көпес Степановтың үйінде» орналасқан ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайында болып, қылқалам шеберлерінің туындыларымен танысты. Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайының көрме залдарын да тамашалады.

 

                                                                                             Алуа ИСКАКОВА

Суреттерді түсірген автор


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи