Минометті батареялар жарысы

   Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабы бастығының нұсқауын жүзеге асыру және мамандардың кәсіби дайындығын тексеру мақсатында ҚР ҚК Зымыран әскерлері мен артиллерия әскерлерінің қолбасшысы полковник Асқар Жоламановтың жетекшілігімен «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының жалпыәскери оқу орталығында Құрлық әскерлерінің минометті батареялары арасында жарыс өтті.

   ҚР ҚК Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының кездейсоқ таңдап алуымен жарысқа қатысқан «Шығыс», «Батыс», «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтарының 5 миномет батареясы теориялық білімдерін «Шығыс» полигонында тәжірибе жүзінде көрсетті. Алғашқы «Атыс» кезеңінде АК-74 қаруынан атудан төрт жаттығу орындады. Екінші «Арнайы» кезеңінде арнайы мамандық бойынша нормативтер тапсырды. Жарыстың шешуші «Батареяның оқ атуы» кезеңінде жеке құрам жауынгерлікке жақын жағдайда минометті қарудан белгіленген уақытқа түрлі қашықтықта тәжірибелік атулар жүргізді. «Артиллерия әр түрлі атыс түрлерін қолданумен қатар, ұрыс жүргізудің әр түрлі тәртіптерін, соның ішінде минометтің атысын да жүргізеді. Мәселен, 120 мм минометті жауынгерлік жағдайға келтіру үшін екі минутқа жетер-жетпес уақыт жұмсалады. Яғни, қарсылас тосыннан шабуыл жасаған жағдайда атысты жүргізуде айтарлықтай уақыт үнемделеді. Минометтің 24 жәшіктегі жиынтығы 48 атысқа жеткілікті. Оны ауыр техниканың көмегінсіз-ақ түсіріп және жинауға болады. Біз сөзбен айтқанда, бүгінгі күні 120 мм миномет қарсыластың атыс қуатын жойып, жаяу жасақтың қозғалысын тасалау үшін аса тиімді қарудың түрі» деді жарысқа қатысушылар.

   Құрлық әскерлерінің минометті құрылымдарының жауынгерлік әзірлік деңгейін арттыруға бағытталған жарыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 27943 әскери бөлімінің миномет батареясы жеңіп алды. Екінші орынды «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 74884 әскери бөлімі иеленіп, соңғысын «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 30238 әскери бөлімі алды.

 

 

Алуа ИСКАКОВА

Суреттерді түсірген автор

 

 

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"