Мерзімді әскери қызметшілерді шығарып салды

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 40398 әскери бөліміне 2015 жылы күз мезгілінде шақырылған мерзімді әскери қызметшілерді запасқа шығарып салу шарасы өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілші.

   Бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары ұлан подполковнигі Сейтқали Байбосынов осыдан бір жыл бұрын әскерге шақырылғандарды запасқа шығарып салу шарасының жоспарына сәйкес, бұйрықты оқыды. Бұдан соң Отан алдындағы борышын өтеген сарбаздарды бөлім командирі ұлан полковнигі Файзулла Дусанов құттықтады. 

Ол оқу-жаттығуларында қойылған тапсырмалар мен қызметтік міндеттерді сапалы орындағандарды мақтау қағазымен марапаттап, «Ұлан» төсбелгілерін табыс етті. Бөлімнің қорғаныс қабілетін нығайтуда күш-жігерін танытқан қатардағы жауынгерлерге «ефрейтор» әскери атағын да берді.

 Ал, бөлімнің жауынгерлік дайындық деңгейінің жоғары болуы үшін үлесін қосқан, қоғамдық іс-шараларға белсене қатысқан және күзгі қорытынды сынақты үздік бағаға тапсырған 1-ші мотоатқыштар батальонының көздеуші-операторы ұлан қатардағы жауынгері Бекнұр Саматұлы Әбдірахымов пен 3-шімотоатқыштар батальонының отпен қолдау ротасының мергені ұлан қатардағы жауынгері Тілек Мелісханұлы Әзімбаев әскери бөлімнің Құрмет кітабына енді. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"