«Мергендер батальоны» байқауының қорытындысы шығарылды

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде «Мергендер батальоны» байқауының қорытындысы шығарылды. Сайыс «Батыс» өңірлік қолбасшылығы бөлімшелерінің оқ ату машығын арттыруға бағытталды.

Үздік мергендер батальоны мәртебесі мен Қарулы Күштердің біріншілігінде өңірлік қолбасшылықтың намысын қорғау құқығы әрбір әскери қызметшіні қамшылағаны сөзсіз. Жарыстың негізгі мақсаты әскери қызметшілердің жауапкершілік сезімін ояту, сеніп тапсырылған қару-жарақ пен әскери техниканы шебер меңгеруге баулу болды. Іс-шараға мотоатқыш батальондары, теңіз жаяу әскерлерінің батальондары, сондай-ақ 25744 және 30238 әскери бөлімдерінің танкті батальондары қатысты. Әскери қызметшілер жарыс барысында штаттық атыс қару-жарағынан, гранатаатқыштардан, минаатқыштардан, зениттік зеңбірек пен БТР-80 мен Т-72 ұрыс машиналарынан оқ ату бақылау атыстарының жаттығуларын орындады, сондай-ақ қаруды жинап-шашу, РХБ қорғау, әскери-медициналық дайындық пен байланыс құралдары бойынша нормативтерді пысықтады. Сайыстың барлық кезеңдерінің қорытындысы бойынша бөлімшелердің дәлдеп оқ атуы, жоғары үйлесімділігі мен сапалы жеке дайындықтың арқасында теңіз жаяу әскерлері өңірлік қолбасшылық біріншілігінің жеңімпаздары атанды.

«Байқауға дайындау кезіндегі негізгі тапсырма атыс даярлығы мен кәсіби машық көрсеткшітерінің барынша жақсаруы болды. Барлық бөлімшелердегі тең жағдайларда әрбір әскери қызметшіге жан-жақты көзқарас батальонның сәттілікке қол жеткізуінің кепіліне айналды. Батальон басшылығы әр әскери қызметшінің жеке дайындығына, оның моральдық-психологиялық жай-күйі мен көрсеткен нәтижелері үшін жеке жауапкершілігіне үлкен көңіл бөлді», - деп атап өтті батальон командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Мирас Ізтілеуов. Енді теңіз жаяу әскерлері ағымдағы жылғы наурыздың 5-і мен 17-і аралығында өтетін ҚР Қарулы Күштері ауқымындағы додаға қамданатын болады. 

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"