Медицина мамандары әскерилерге ЖИТС жайлы мағұлмат берді

Жақында 41321 әскери бөлімінің байланысшы офицерлері мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілері Атырау қаласының ЖИТС мен салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының меңгерушісі және Атырау қаласының бас эпидемиолог дәрігерімен кездесу өткізді.

Кездесу «ЖИТС-ке жол жоқ» шарасының аясында ұйымдастырылған болатын. Семинар барысында ЖИТС туралы түсініктемелер беріліп, сол туралы шағын бейнероликтер көрсетілді. ЖИТС орталығының дәрігерлері оның жұғу көздері мен жұғу жолдары, сонымен қоса, инфекция көздері туралы толық ақпарат берді. Кездесу барысында жылдың басынан бері күрт жайылып кеткен Зика безгегі де туралы ақпарат айтылды. Семинарда көтерілген мәселелер әскери қызметшіні ойлантар әсер қалдырды. Әскери қызметшілер көкейде жүрген сұрақтарын қойып, алаңдатқан сұрақтарына жауабын алды. Соңында ЖИТС жайлы ақпараттық парақшалар мен естелік брошюлар таратылды.

Аға лейтенант Рүстем ИГИСИНОВ,

41321 әскери бөлімі


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"