Майдандық және әскери-көлік авиациясының курсанттары ұшу практикасынан өтуде

ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері Әскери институты ұшу факультетінің майдандық және әскери-көлік авиациясының 4-курс курсанттары Астанадағы авиациялық оқу орталығының базасында ұшу практикасынан өтіп жатыр.

Ұшуларға майдандық және әскери-көлік авиация мамандығы бойынша оқып жатқан курсанттар тартылды. Жерүсті дайындықтан өтіп, ТL-2000 ұшағының сипаттамаларын зерделегеннен кейін болашақ ұшқыштар сынақ тапсырып, өздігінен ұшулардың басталуына рұқсат алады. Оқу сабақтарын өткізу үшін іс жүзінде әскери тәжірибелері бар анағұрлым дайындалған нұсқаушы ұшқыштар тартылған. Ұшуды сезінгенді еш нәрсемен салыстыруға келмейді. Бала кезімнен көк аспанда қалқығанды армандап, ұшу практикасын тағатсыздана күттім. Қазіргі кезде мен өздігінен ұшуларға кірістім және нормативтерді «үздік» деген бағаға орындап жатырмын», - деп курсант Асқар Тоқтарбек өз әсерімен бөлісті. Курсанттардың өздігінен ұшулары алдында жүргізілген тексерулер жалпы алғанда, офицерлер пилотаждау шеберлігін жақсы меңгергендерін, психологиялық тұрғыда дайын екендерін көрсетті.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"