Маңызды тарихи құжат

Ел  Президентінің жыл сайынғы халыққа Жолдауы – еліміз үшін маңызды саяси оқиғалардың бірі. Елбасы биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында бүгінгі күнгі өте маңызды он саланы белгілеп берді.

Жаңа мақсаттар мен міндеттердің жаңа мүмкіндіктеріне жол ашатын бұл Жолдау халықтың болашаққа деген сенімін нығайтты. Жолдау біріншіден «Қазақстан-2050», даму стратегиясына, 100 нақты қадам Ұлт жоспарына негізделіп, 10 нақты міндеттерді алға қойып отыр. Мемлекет басшысы қойылған міндеттердің әрқайсысына дәл түсініктеме бере отырып, оның болашақтағы тиімділігі мен нәтижесіне тоқталған. Сондай-ақ онда ел дамуының әр саласындағы өзекті мәселелер қамтылған. Жолдауда айтылған тапсырмалар кез келген салада жүзеге асырылатын жұмыстардың айқын көрінісі. Оның басты тармағының бірі – цифрландыру. Осы орайда, Ақмола өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының жеке құрамы Елбасының жолдауымен жан-жақты танысып, қолдау көрсетуде. Сондай-ақ Жасақтың мерзімді әскери қызметшілері Мемлекет басшысының жыл сайынғы халыққа Жолдауын ықыласпен қабылдады. Жолдаудың маңызы мен оның ерекшеліктеріне тоқталып, жеке ой-пікірлерін ортаға салды.
«Біз жыл сайынғы Елбасы жолдауын үмітпен күтуге дағдыландық. Ол біздің болашағымыз, мемлекетіміздің жарқын болашағы. Әр жыл сайын берілетін Жолдаулар мүлде бір-біріне ұқсамайды. Әр жылдың өзіндік ерекшелігі мен алар асуы болады. Биылғы Жолдауында Ел Президенті- Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғары Бас қолбасшысы ең дамыған 30 елдің қатарына кіру жолындағы еліміздің 10 негізгі міндетін белгілеп берді. Осы 10 міндеттің барлығында цифрландыру бағыты анық көрсетілген. Бұл біздің экономикамыз үшін үлкен тәуекел. Біз Жолдауды қолдай отырып, оны жүзеге асыруға әрбір қазақстанның азаматы өз еңбегімен, өз қызметімен өз үлесін қосатындарына үлкен сенім білдіреміз.», - деп мерзімді қызметтегі сарбаздар ой-пікірлерін қорытындылады.
Бір сөзбен, айтқанда Жолдаудың мақсаты айқын. Оны жүзеге асыруға барлық қазақстандық атсалысады деп сенемін.
Капитан Ж.Богисова

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"