Маңызды құжаттың мән-жайы түсіндірілді

Астана қаласында орналасқан Қазақстан Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарының әскери қызметшілермен кездесуі өтті.

Бұл жүздесу негізінен Елбасы – ҚР Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауын түсіндіру жұмыстарына арналды. Осы бағытта Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі генерал-лейтенант Абай Тасболатов әскери қызметшілерге Жолдау тармақтарын тәптіштеп тұрып түсіндіріп берді. Сондай-ақ, Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасы» туралы да кеңірек әңгіме өрбітті. Сонымен қатар, Мәжіліс депутаты әскери қызметшілерді баспанамен қамтамасыз ету мәселесіне де тоқталды. Осыған байланысты қабылданған жаңа бағдарлама баспанаға мұқтаж 60 мыңнан аса әскеридің отбасылық жағдайын оң әсер ететінін де атап өтті.
Сөз соңында генерал-лейтенант А.Тасболатов әскери қызметшілерге мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың ел үшін сіңіріп келе жатқан ерен еңбегін айта келе, мұның бәрі қарапайым қазақстандықтар үшін және ел әскеріндегі азаматтар үшін жасалып жатқанын қадап айтты.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"