Маңызды құжаттың мән-жайы түсіндірілді

    «Астана» өңірлік қолбасшылық әскерлеріне қарасты әскери бөлімінің жеке құрамымен Қарағанды қаласына қарасты Абай ауданының орталық кітапханасының директоры Филипенко Наталья Сергеевна  Жолдаудың негізгі басымдықтары бойынша өз ойын ортаға салып, шын мәніндегі тарихи құндылық болып табылатындығын ерекше атап өтті.

Сондай-ақ іс-шара барысында Елбасы Жолдауының негізгі бағыттарын жүзеге асыруға байланысты жұмыстардың негізгі межелері талқыланды.

«Қазақстан осы дағдарыстық ахуалды еңсеру үшін біздің қандай жолмен қадам басуымыз керек екенін айқындайтын құжатты алды. Қаржы жүйесін жетілдіру бойынша экономикалық және әлеуметтік салада Елбасының айқындаған бағыттарын білдік. Біз, яғни, әскери қызметшілер үшін Қазақстан алаңсыз дами алатындай еліміздің жауынгерлік әзірлігін, қорғаныс қабілеттілігін арттыру маңызды болып табылады», - деді ҚР ҚК ӘҚК Тәрбие және идеологиялық жұмыстар бас басқармасы бастығының орынбасары полковник Александр Щетинин.

«Бүгінгі таңда әскери  оқу орындарын дамыту мәселесіне назар аударылып отыр. Әскери оқу орындарында материалдық-техникалық базасын жаңарту қолға алынды, мемлекеттік тапсырысты арттыру туралы мәселе шешілуде. Қазір әскери институттарында әскери білім беру орындарында мамандықты ақысыз алып жатыр, – деді Абай ауданының орталық кітапханасының директоры.

    Іс –шара соңында жеке құрам өздерін мазалаған сұрақтарға тұшымды жауап алды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"