Мамандық таңдаудың маңызы

Мамандық таңдаудың маңызы

Ғұлама Әл-Фараби: «Ісім оңсын десеңіз, сол істің маманы болыңыз. Даңқым шықсын десеңіз, көпшіліктің адамы болыңыз» деген екен. Мамандық таңдау – тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай мамандық түрін таңдау. Ал әскери мамандықты таңдау – ол әр адамнан үлкен жауапкершілікті талап етеді.

16 қараша күні генерал С. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінде кәсіби бағдар беруге және Ракета әскерлері және артиллериясы дербес әскер болып құрылғанына 15 жыл толу мерекесіне орай «Зымыран әскерлері мен артиллерия-басы атыс күші» тақырыбындағы кездесу өтті. Кездесуге мектебіміздің 2003 жылы бітірген түлегі, майор Павел Сивоконь келіп, мектеп тәрбиеленушілеріне өзінің таңдаған мамандығы жайында, отансүйгіштік, адамгершілік сынды ізгі қасиеттерді бойға сіңіру әр жас ұландықтардың міндеті екендігі туралы айтты. Әңгіме барысында Павел Анатольевич өзінің осы мектепке қалай оқуға түскенін, қалай оқығанын, мектептегі дәстүрлерді есіне ала отырып, әлі күнге дейін осы мектеп қабырғасында жүріп танысқан достарымен араласатынын, достарының арасындағы байланыс үзілмейтіндігін айтып мақтанып та қойды. Ол – Қарағанды облысының тумасы, бұрынғы екінші рота ұланы. «Жас ұлан» мектебін бітірген соң Ресейдегі Санкт-Петербург қаласының Михайлов артиллерия академиясында бес жыл оқыған. Артиллерия академиясына түсу жолдарын, шарттарын қазіргі болашақ түлектерімізге нақты, толық түсіндіріп шықты. Оған қоса, өзімен бірге бітірген ұландардың көбісі қазір майор шенінде Қарулы Күштер қатарында қызмет атқарып жатқандарын айтты. Ал өзінің «артиллерист» мамандығын таңдауға сол кезде оларға куратор есебінде «Зымыран әскерлері мен артиллерия» басқармасы әскери қызметшілерінің кәсіби бағдар беру сабағының септігі тигенін айтты. Кездесу барысында ұландар сұрақтарын қойып, қызыға тыңдап, кәсіби маман болу, Павел сияқты мақсатына жету үшін қандай мінез ерекшеліктері мен сапасы болу керектігін білді. Біз осындай түлектеріміздің болғанына мақтанамыз және кейінгі ұландарға үлгі тұтамыз. Кездесу соңында жиналғандар естелік суретке түсіп тарқасты.

Нұрболат Жасұлан

Генерал С.Нұрмағамбетов атындағы

«Жас ұлан» республикалық мектебі

тәрбиеленушісі

 

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства