Мамандық таңдау – өз қолыңда!

Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінде қонақта Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері запастағы полковник Талғат Айдаров  болды.

Ол ұландарды өзінің әскери өмір жолымен таныстырып, Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде Қазақстандық жаңа патриотизмді дамыту, болашақта әскери қызметті абыроймен атқаруға және ұландарды кәсіптік мамандыққа баулуға үгіт- насихаттарын жүргізді.

Ұландар мамандық таңдау туралы көкейлерінде жүрген сұрақтарды қойып, қанағаттанарлықтай жауаптар алды.

Кездесу соңында кеш қонағы мектеп бастығының алғыс хатымен марапатталып, ұландарға өз тілегін айтты және олардың ықыласына бөленді.

Туымыз биіктен көрініп, Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болғай! Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет атқарып жатқан еңбегіміз жанып, рухымыз биік, алатын асуымыз – асқақ, жаңғыруымыз – жарқын болсын!

С.Спабек

 

Кеңес Одағының Батыры С.Рахымов атындағы

Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебі


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"