Мамандық бойынша дайындық

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 27943 әскери бөлімінің жеке құрамымен мамандықтар бойынша дайындық жүргізілді.

Әскери бөлімнің жауынгерлік әзірлік жоспары мен командирдің бұйрығына сәйкес, 68 мамандық бойынша 79 оқу тобы құрылды. Жауынгерлік дайындық бойынша 130 нұсқаушы тартылды. Мамандықтар бойынша даярлықтың қорытындысы бойынша құрылымдар арасында бірінші орынды 1-ші мотоатқыштар батальоны (батальон командирі майор С.Нуриев), екінші орынды артиллериялық дивизион (дивизион командирі майор Н.Жабағиев), соңғысын 1-ші танк батальоны (батальон командирі подполковник Р.Жамуков) алды.

   Айта кететін жәйт: дайындық барысында әрбір маман жауынгерлік білімдерін тәжірибемен ұштастырып, кәсіби дәрежесін арттырды. Ал, 3-ші мотоатқыштар батальоны, 2-ші танк батальоны, мәдени-демалыс орталығы, оқу полигоны жеке құрамымен мамандықтар бойынша әзірлік наурыздың 29-ына дейін жалғасады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"