Мамандығы – граната атқыш


   Адамның алдына қойған талабы неғұрлым биік болса, оның таланты мен қарым-қабілеті де соғұрлым тез дамиды. Ақтамберді жырау айтқандай, «Әркім өзі талпынбақ, басына бітер бағы үшін». «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 27943 әскери бөлімінің гранат атқышы Қанат Тасболат осы қағиданы өмірлік ұстанымына айналдырған.

Қатардағы Қанат Қуанышұлы Тасболат – Жамбыл облысының Қордай ауданына қарасты Қарасай батыр ауылының тумасы. Еліміз Қарулы Күштерінің қатарына 2018 жылдың көктемінде Қордай ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен шақырылды. Әңгіме арасында Қанат Тасболат үлкен қару-жараққа деген қызығушылығын жасырмады. Тіпті танкіге қарсы РПГ-7 қол гранатасының тарихын баяндап берді: «Жаяу әскер қолданатын қарудың негізгі түрі РПГ-7 1961 жылдан бері қолданыста. Нысананы көздеу қашықтығы 250 метр. Соңғы шығарылғандары 520 метрге дейін жетеді. Бронды тесіп өту әлеуеті 375 мм шамасында. РКГ-3, РПГ-2, РПГ-7Д гранаталары танкілерді, өздігінен жүретін артиллериялық қондырғыларды, сауытты транспортерлерді, дала бекіністерін қирату мақсатында жұмсалады. Граната ату АК-74 автоматынан оқ атудан анағұрлым күрделірек. Калашников автоматынан оқ тура атылады, ал атылған гранатаның нысанаға дәл тиюі желдің жылдамдығы мен бағытына байланысты».

   Ол атыс даярлығынан РПГ-7В қаруынан атудан қойылған оқу-жауынгерлік міндеттерді жүзеге асыруда жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Қол гранатасын тұрып және отырып лақтыру жаттығуларын да жетік меңгерген. 250-300 метрге дем алмай көздеп ату және көздеп асықпай атудан бақылау жұмыстарын ойдағыдай тапсырады. Жалпы алғанда атыс дайындығы бойынша нормативтерді үздік орындайды. Қатардағы Қанат Тасболаттың айтуынша, кәсіби біліктілік, жоғары тәртіп пен жауынгерлік әзірлікті одан әрі арттыру үшін әрбір әскери қызметші өз үлесін қоса білуі керек. Бүгінде үздік маманның есімі де, еңбегі де әскери қызметшілердің арасында құрметке бөленіп жүр.

 

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"