«Мәтібұлақ» полигонында «Әскери Альпиниада» байқауының қорытындысы шығарылды

2017 жылғы маусымның 11-і мен 18-і аралығында «Іле-Алатау» ұлттық саябағы базасында және «Отар» 40-шы әскери базасында әскери қызметшілер арасында «Әскери Альпиниада» байқауы өтті.

Сайысқа арнайы мақсаттағы Альпі барлау топтары, Құрлық әскерлерінің таулы-қорықтық полкі және 14776 әскери бөлімі қатысты. «Таулы жердегі сайысты өткізу шарттары альпі барлаушыларының кәсіби дағдыларын тексеру үшін ең қолайлы, - деп байқау жетекшісі полковник Болат Жорабаев атап өтті.

Олар үшін бұл өздерінің бақтарын сынап, дайындықтарын паш етуге және салауатты қарсыластық рухында командада жұмыс жасауда құнды тәжірибе жинақтау үшін керемет мүмкіндік, - деді ол». Барлаушылардың алдында барынша қысқа мерзімде қашықтығы 10 шақырымнан асатын таңсық таулы жерде жүгіру және көрсетілген аудандарға шыққаннан кейін басты тапсырма шартты қарсыласты тауып алып, оны жою міндеті тұрды.

 Байқаудың шешуші кезеңі таулы жердегі жауынгерлік оқ ату және ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник С. Жасұзақовқа көрсетілген Дюльфер әдісімен қарғып түсу болды. Сайыс қорытындысы бойынша бірінші және үшінші орындарды «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері иеленсе, екінші орынды 30356 әскери бөлімінің командасы еншіледі. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы арнайы мақсаттағы Альпі топтарының әскери қызметшілері байқаудың барлық кезеңдерінде өздерін жақсы жағынан көрсетіп, нәтижесінде бұл командалар жүлделі орындарды жеңіп алды.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының барлау бастығы подполковник Дмитрий Шиповскийдің айтуынша, күн сайынғы жаттығулар, жоғары әскери тәртіп және әлбетте, барынша салынған күш-жігер мен ыждағаттылық жеңіс тұғырына алып келді.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"