"Мәңгілік полк" халықаралық акциясы 1000-ға жуық тұрғынның басын қосты

Гвардейск гарнизонының тұрғындары Ұлы Жеңіс мерекесін «Мәңгілік полк» халықаралық қоғамдық акциясына қатысумен қарсы алды. Бұл акция қалашықтың 1000-ға жуық тұрғындарының басын қосты.

Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ұл-қыздары, немере- шөберелері Жеңіс сарбаздарының портреттерімен ескерткіш маңында жиналды. Бұл акцияның мәні - әр отбасының тарихы, Ұлы Отан соғысы кезінде ғұмыр кешкен ұрпақтарды есте сақтау.

Ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі Гвардейск гарнизонының басшылық құрамы мен әскери бөлімдер командирлерінің, мекеме басшыларының қатысуымен өтті. Осы іс-шараға 30212 әскери бөлімінің 200-ге жуық әскери қызметшілері мен бөлімнің әскери оркестрі де қатысты.

Жалпы, мұндай шараның өскелең ұрпаққа беретін өнегесі мол. Әсіресе, ел басына күн туған шақта Отанды қорғай білген аталарымыз бен аналарымыздың ерен ерлігін, жарқын бейнелерін ел-жұртқа паш етуде септігі мол. Бұл шара барысында бүгінгі ұрпақтың кешегі бабаларына деген шексіз құрметі байқалады.

 

Г.Самашова

30212 әскери бөлімі 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"