Мәжіліс депутаты әскерилермен кездесті

Мәжіліс депутаты әскерилермен кездесті

Аягөз гарнизонында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов әскери қызметшілермен кездесті.

   Халық қалаулысы еліміз Президенті – ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Н.Ә.Назарбаев белгілеген басымдықтарды жүзеге асыруда жауынгерлік әзірлікті одан әрі белсендірудің, кәсіби дағдыны барынша арттырудың, әскери тәтіп пен құқық тәртібінің жағдайын жақсартудың оң үрдісін сақтай білуге үндеді. «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысына жан-жақты тоқталды. 

Нұртай Сабильянов гарнизондағы әскери қызметшілерді әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударды. Мәжілістегі Үкімет сағатында әскери қызметшілерді баспанамен қамтудың жаңа қадамы туралы айтылғанын әрі ол тұрғын үй мәселесін шешуге мүмкіндік беретінін жеткізді. Сондай-ақ, бүгінгі күні «Оңтүстік» әскери қалашығындағы 440 орынды мектепте 953 баланың білім алып жатқанына көңіл бөлді. Қалашықта мектеп жасындағы балалардың саны көп болғандықтан алдағы уақытта қазіргі талапқа сай жаңа білім ұясының пайдалануға берілетінін де мәлім етті. Мәжіліс депутаты Аягөз өңірін өркендету бағыттарының іске асырылу барысымен жан-жақты таныстырып, кездесуге келгендердің сан алуан сұрақтарына жауап берді. Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аудан, ауылдарын да аралап, жергілікті халықпен жүздесті. 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: основные причины ДТП

Инфографика: основные причины ДТП