Курсанттар жүлделі оралды

Астана қаласының ұлттық әскери-патриоттық орталығында мерейтойлық ХХ республикалық «Жас ұлан – 2018» әскери әндер фестивалінің қорытындысы шығарылды.

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары вокалдық орындау, фольклорлық-аспаптық жанр, хореографиялық композиция номинациялары бойынша сынға түсті. Мәдени демалу орталығының бастығы подполковник М.Махантаев және көркемдік жетекші Э.Қарсыбаеваның жетекшілігімен фольклорлық-аспаптар үйірмесінің курсанттары жүлделі үшінші орынды иеленді.

        Еске сала кетсек, ХIХ республикалық «Жас ұлан – 2017» әскери әндер фестивалінде институт шығармашылық ұжымының курсанты Д.Жакибай вокал жанрынан I-орынды иеленсе, фольклорлық-аспапшы курсанттарымыз III-орынды иеленген болатын ал вокалдық «Acapella» тобы көрермендердің көзайымына айналды.

         Дүбірлі дода «Жас ұлан – 2018» әскери әндер фестиваліне 400-ге жуық конкурсант қатысты. Олардың арасында барлық түрлер мен әскер тектерінің әскери қызметшілері, әскери оқу орындарының курсанттары мен тәрбиеленушілері, сондай-ақ мектептердің дарынды оқушылары, студенттер, республикамыздың барлық өңірлерінен әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері қатысты.

РЭжБӘИИ баспасөз қызметі


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"