Курсанттар жарады

Қазақстанның Қарулы Күштерінде әскери қызметті дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау және жастар арасында спортты дамыту мақсатында Алматы гарнизонында «Sarbaz Race» ІІ халықаралық әскери-спорттық сайыс ұйымдастырылып, өткізілді.

Іс-шара Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті, Құрлық әскерлері Әскери институты, Десанттық-шабуылдау әскерлері, Әскери-техникалық мектеп жеке құрамының, сондай-ақ «Экстремалды атлетика» қоғамдық бірлестік өкілдерінің тікелей қатысуымен ұйымдастырылып, өткізілді.

Әскери-спорттық ойынның ұйымдастырушылары үшін басты міндет әскери-патриоттық клубтардың бірігуі, әскери қызметке шақыру кезінде оларды әрі қарай мақсатқа бағытталған түрде қолдана отырып, жеткіншектердің қабілеттері мен таланттарын айқындау болды. Сайыс екі кезеңде өткізілді. Бірінші кезеңге шақырылу жасына дейінгі жастар, екінші кезеңге 18 жастан асқан қатысушылар қатысты.

Сайыс бағдарламасында қатысушылар әскери арнайы техника мен керек-жарақты қолдана отырып, таулы кедергілер жолағын еңсеру, садақтан, пневматикалық винтовкадан ату, граната лақтыру бойынша жаттығуды орындады, сондай-ақ 10 км жүгіруден, арқан кезеңі мен тағы басқадан сайысқа түсті. Бұл дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын ұстанатын табынушыларға арналған осындай форматта өтіп жатқан Қазақстандағы алғашқы жарыс екенін айта кету қажет.

«Sarbaz Race» жарысы әскери бөлімшелердің жауынгерлерін дайындауға арналған сынақтар негізінде құрылды. Құрлық әскерлері Әскери институтының курсанттары Бағдарбек Нұрбек, Бердияр Шураев, Бауыржан Тастеміров жүлделі орындарды иемденді. Аяулым Нұриманова сайыстың үздік қатысушысы атанды. Командалар арасында «Жас ұрпақ», «Катюша» және «ДШВ» командасы жеңімпаз атанды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"