Командирлерді жалғандық детекторымен тексерді

Командирлерді жалғандық детекторымен тексерді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілерімен ерекше форматтағы кездесулер ұйымдастыруда.

Ағымдағы жылдың 25 наурызынан бастап Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Бас әскери полиция Басқармасы мен тәрбие және идеологиялық жұмыстар Департаментінің өкілдері «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерін аралап, ерекше форматтағы семинарлар өткізуде.

Кездесу барысында олар командирлер мен материалдық жауапкершілігі бар әскери қызметшілерді, әскери заңгерлер мен қаржы мамандарын жинап, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығына жататын күнделікті өмірдегі түрлі жағдайларды модельдеп, әскерилердің осы жағдайлардағы әрекеттері мен реакцияларына баға берді.

Сонымен қоса, кездесуге қатысқан әскери қызметшілер полиграфпен тексерістен өтті. Батылдық танытып, тексеріске бірінші болып бел буып шыққан 41433 әскери бөлімінің командирі подполковник Есболат Нұрекешов болды. Тексеріс аппараттары жалғанған бойда командирге «Сыбайлас жемқорлық жасадыңыз ба? Нашақорлыққа бой алдырдыңыз ба? Азарттық ойындар ойнайсыз ба? Букмекерлік кеңселерге барасыз ба?» сияқты ыңғайсыз сұрақтар жаудырылды. Алайда, батыл командирдің жауаптарының барлығын полиграф растап шықты.

«Полиграф аппараты адам организмінің физиологиялық реакцияларын оқитын белгілі сезгіш қызметі арқылы жұмыс жасайды. Яғни, оны алдаған кезде реакция пайда болады. Тексерістен өтушілер әрдайым қобалжып тұрады, стресс жағдайларын басынан кешеді. Бірақ бұл қалыпты жағдай. Себебі аталмыш процесті жағымды деп айта алмаймын», - дейді Бас әскери полиция Басқармасының полиграфологикалық бөлімінің аға офицері подполковник Жомарт Битабаров.

Бұл полиграфтарды Қорғаныс министрлігі 2018 жылдың қыркүйек айында Ресейден алдырған. Олардың біреуі мобильдік, ал екіншісі стационарлық. Аппараттарды алдау мүмкін емес, олардың зерттеу дәлділігі - 97-98%. Бір адамды толық зерттеуге шамамен екі сағат уақыт кетеді. Адамға бекітілген сезу қызметі оның организміндегі барлық реакцияларды оқуға шамасы жетеді.

Әскери полиция Бас Басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқармасының аға офицері подполковник Нұрбол Алтынбековтың айтуы бойынша, тексеріске алғаш рет қызметке орналасып жатқан және жемқорлық ықтималдығы жоғары лауазымдарға тағайындалып жатқан азаматтар жіберіледі. «Ал оны түсіндіру жұмыстары әскери қызметші өз бойында сыбайлас жемқорлық сияқты әлеуметтік бәлеге қарсы тұру мәдениетін қалыптастыру қажеттегін түсінуге бағытталған» - деп пайымдады ол.

Кездесу сонында семинарға қатысқан әскери қызметшілермен сыбайлас жемқорлыққа қатысты заңнамалық актілерді меңгеру дәрежесін анықтауға бағытталған тестілеу мен жасырын сауалнама жүргізілді, кейін сыбайлас жемқорлықты алдын-алу мен болдырмауға бағытталған бейнероликтер мен фильм көрсетілді.

Капитан Рустем Игісінов

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының

баспасөз қызметі

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи