Командирлер ұшуы

Командирлер ұшуы

Жақында 54835 әскери бөлімінің жауынгерлік әзірлік жоспарына сәйкес командирлердің ұшуы тексерілді.

   Ол «Құралдар мен қайталау құралдарының көмегімен және бұлтта ұшуды орындау барысында бірыңғай әдістемені пысықтау» тақырыбында болды. Командирлер күндіз және түнде күрделі метеорологиялық жағдайда ұшудың, әуеде ұшақты басқарудың, қонудың тәжірибесін көрсетті. Шеберліктерін шыңдап қана қоймай, әскери техника да сынақтан өтті.  
   Әуе кемесінің экипаж мүшелері ұшуды орындауға дайындықсыз ешқашан жіберілмейді. Ұшуға дайындық жалпы, алдын-ала және ұшу алдындағы дайындық деп үшке бөлінеді. Жалпы дайындық оқу жылына бекітілген жауынгерлік әзірліктің жоспарына сәйкес, әр айдың соңында екі күннің ішінде өткізіледі. Ол авиациялық бөлімнің штаб бастығының ұйымдастыруымен, құрылым командирлерінің жетекшілігімен жүзеге асырылады. Алдын-ала дайындық дегеніміз – нақты ұшу тапсырмаларын орындау әзірлігіне ұшқыштар құрамын келтіру. Ал, әуе кемесі экипажының ұшу алдындағы дайындығы метеорологиялық, орнитологиялық, әуедегі және жердегі (теңіздегі) жағдайға қарай жасалады. Экипаж мүшелеріне ұшар алдында сегіз сағаттық ұйқы керек, таңғы асты ішкені де міндетті түрде тексеріледі. Ұшқыш дәрігерден соң, психологқа экспресс-тест тапсырады. Сынақтан сүрінбей өткендер ғана ұшу алаңына жіберіледі.

Алуа ИСКАКОВА
Суретті түсірген автор

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства