Командалық-штабтық оқу-жаттығу пысықталды

28738 әскери бөлімінің жеке құрамы «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшысының отпен атып жою жөніндегі орынбасарының және басқарма офицерлерінің қадағалуымен командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.

   Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – әскери басқару органдары және бөлімнің штаб бойынша білім алушы сардарларының жауынгерлік әзірлігін жоғары деңгейге жеткізу. Командирдің оқу-жаттығудағы шешіміне сәйкес, әскери іс-қимылдар өткізу бойынша сұрақтар іс жүзінде пысықталды. «Оқу-жаттығу өткізу үшін қазіргі заманғы жергілікті соғыстар мен халықаралық шартты терроризм және діни-экстремистік ұйымдардың, арнайы операцияларды және оларға қарсы бір нұсқасы сияқты оқиғалардың даму ахуалдың шиеленісуі, жандандыру нәтижесінде әскери және әскери-саяси ахуал негізге алынды. Командалы-штабтық оқу-жаттығуды құрудың көздегені: жедел дайындау саласындағы әскери іс-қимылдарға дайындау және штабтар мен әскери басқару органдарын дайындау және өткізу  ажырамас бөлігі болып табылады», деді 28738 әскери бөлім командирі полковник Жанат Раскулов.  


Аға лейтенант Тілеуберген МАМЫРҒАЖЫ
28738 әскери бөлімі

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

Броньды машиналар кәсіпорны

Броньды машиналар кәсіпорны

БКМ "Барыс 8х8"

БКМ "Барыс 8х8"