Командалық-штабтық оқу-жаттығу

ҚР Қарулы Күштерінің теңіз жаяу әскері бригадасымен Маңғыстау облысының аумағында командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілуде. Оқу-жаттығу ниеті бойынша әскери басқару мен штабтың үйренуші органдары әскери бөлімді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру, дағдарыс ауданына марш жасау, командирдің шешіміне сәйкес арнайы әскери іс-қимылдарды өткізу жөніндегі мәселелерді іс жүзінде пысықтайды.

Аталмыш оқу-жаттығуды өткізу үшін шартты түрде заманауи локальді соғыстар мен халықаралық лаңкестік, діни-экстремистік ұйымдардың қызметі мен оларға қарсы арнайы әскери операцияларды өткізуді жандандыру нәтижесінде жағдайдың ушығуы оқиғаларының дамуы нұсқаларының бірі ретінде әскери-саяси жағдай құрылды. «Командалық-штабтық оқу-жаттығу жедел дайындықтың оқу мақсаттарында құрылған аяда жауынгерлік іс-қимылдарға дайындалу және оны өткізу бойынша әскери басқару органдары мен штабтардың дайындығы мен үйлесуінің ажырамас үлгісі болып табылады. Үйренушілерге қойылған командалық-штабтық оқу-жаттығудың мақсаттарына қол жеткізілді. Әскерлерді басқару уақтылы ұйымдастырылды, жұмысты ұйымдастыру, бөлімшелерді қолдануды жоспарлау бойынша лауазымды адамдардың қызметі оқу-жаттығу талаптарына сай келеді», - деді оқу-жаттығу жетекшісінің көмекшісі полковник Нұржан Имаков.

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"