Кез-келген жаттығу жауынгерлік әзірліктің деңгейін жетілдіреді

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 44736 әскери бөлімі командирінің жауынгерлік және арнайы дайындық жөніндегі орынбасары подполковник Василий Подгайченко:

-         Жауынгерлік дайындық дегеніміз не? Әңгімеміздің әлқиссасын осыдан бастасақ.

-         Жауынгерлік дайындық – әскери қызметшілердің жеке категорияларын, әскери бөлімшелерді, бөлімдерді, құрамаларды, штабтарды соғыс қимылына дайындап, тыл органдарын әскерді жабдықтай білуге үйрету. Ол Қорғаныс министрінің бұйрықтары мен нұсқауларына, ережелер мен жарғылардың талаптарына сәйкес жүргізіледі. Жауынгерлік дайындықтың деңгейін жетілдіруге арналған кез-келген жаттығу – аса маңызды, жауапкершілігі мол шара. Жауынгерлік әзірліктің артықшылығы сол, әскерилердің бойында жоғары моралды-психологиялық тұрақтылық, батылдық, табандылық, бейімділік, ептілік секілді жауынгерлік қасиеттер қалыптасады. Әскери қызметшілер қазіргі заманның ұрыс жағдайларына бейімделеді, төселеді. Жеке құрамды тәрбиелеудің мақсатты міндеттері де шешіледі.

-         Соңғы жылдары жауынгерлік дайындық бойынша жаттығуларды және сабақтарды дайындау мен өткізудің санына емес, сапасына күш салынып келеді. Жауапкершілік те артқан болар?

-         Жыл өткен сайын жауынгерлік әзірліктің тиімділігі анағұрлым артып келеді. Жауынгерлікке жақын жағдайдағы жиындар жиі өтіп тұрса, әскерилердің далалық шеберлігі де шыңдала түсетіні сөзсіз. Білімі мен біліктілігі де артады. Әрі берілген тапсырманы кез-келген күрделі жағдайда орындаудағы дайындықтың деңгейі өседі. Әртүрлі кәсіби амалдар мен қимыл-әрекеттерді орындаудың әдістері меңгеріліп, оны озық үлгідегі дайындық тәжірибесімен ұштастырудың мүмкіндігі туады. Сондай-ақ, денеге түскен ауыр салмаққа және психологиялық ауыртпалыққа төзе білудің қабілеті жан-жақты жетіледі.

-         Барлаушылар терроризм мен экстремизмге қарсы күресте бүгінгі заманның талабына сай қандай кәсіби амалдар мен қимыл-әрекет әдістерін үйренуде?

-         Бүгінгі күні ұрыс тактикасы мүлдем өзгерді. Нақтырақ айтқанда, соғыс стратегиясы қалаға көшті. Қаланың өз ерекшеліктерін ескеріп, барлаушылар террорлық әрекетке қарсы заманның талабына сай түрлі әдіс-тәсілдерді меңгеріп, оны «Шығыс» жалпыәскери полигонында және Семей қаласынан 70 шақырымда орналасқан бұрынғы әскери қалашықта бірнеше мәрте іс жүзінде қолдана білді. Мәселен, арнайы мақсаттағы барлау (амфибиялық) ротасының жауынгерлері моторлы қайықтарды су айдынында пайдалану, сулы жағдайда адамдарды құтқару және лаңкестердің көзін жою жөніндегі тапсырманы талай рет ойдағыдай орындады. Шағын габаритті, дербес, тез шашылып, тез жиналатын көшпелі спутниктік кешеннің, әлем елдерінің әскери әуе күштерінде қолданылып жүрген Skylark- I LEX (Long Endurance) пилотсыз ұшу аппарат жүйесінің, барлау, басқарма мен байланыстың «Стрелец» кешендерінің де тілін жетік меңгерген.

-         Жауынгерлік дайындықтың нәтижелі көрсеткіштеріне тоқтала кетсеңіз...

-         2016 жылы өткізілген «От алдыратын түтікті дайындау. Құрылым элементтерінің жарғышына есептоптардың жұмысы» тақырыбындағы миналы-жарғыш ісінде арнайы мақсаттағы барлау (амфибиялық) ротасының барлаушы-жарғыштары озық шықты. Взводтық тактикалы-арнайы жаттығулардың қорытындысы бойынша аға лейтенант А.Сабыржанов пен аға лейтенант А.Рахымжанов жақсы жағынан көрінді. Бөлімшелердің жауынгерлік атуы нәтижесінде аға сержант Б.Жакупов, сержант Р.Ерубаев, сержант А.Тоқжанов, кіші сержант А.Ағыбай көзге түсті. ҚР Қарулы Күштерінің қорытынды тексерісі бойынша қатардағы Д.Еркінов, кіші сержант М.Түсіпжанов, ефрейтор А.Нағашыбаев, сержант Ж.Күлдархан, ефрейтор Қ.Байжомартов, ефрейтор Я.Мотин, аға сержант А.Овчинников, ефрейтор Ж.Макишев, ефрейтор В.Стасиевский, кіші сержант Р.Бекарыстанов, старшина Т.Сейітов марапатқа ие болды. Ал, 54835 әскери бөлімінің авиадәлдеушілерімен болған тәжірибелік ату сабақтарында аға лейтенанттар А.Сабыржанов пен Р.Қойшыбаев үздік танылды. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы спартакиадасының қысқы және жазғы кезеңдерінде де біздің әскери бөлім бірінші орынды жеңіп алды. Техника мен қару-жарақтың жауынгерлік дайындығын ұдайы сақтау, кәсіби  біліктілік пен жоғары тәртіп және жауынгерлік әзірліктегі жоғары жетістіктері үшін әскери бөлімнің жауынгерлік құрылымдары арасында бірінші орын арнайы мақсаттағы барлау (антитеррор) ротасына (рота командирі аға лейтенант Т.Байдарақов) берілді. Екінші орынды арнайы мақсаттағы барлау (альпілік) ротасы (рота командирі капитан С.Махабыл) және арнайы мақсаттағы барлау (амфибиялық) ротасы (рота командирі аға лейтенант К.Рыспаев) иеленді. Үшінші орынды арнайы мақсаттағы барлау (аэромобильді) ротасы (рота командирі капитан М.Кашаев) алды. Одан кейінгі орындарға барлау және радиоэлектронды күрес ротасы (рота командирі капитан А.Қонысбаев), 2-ші барлау (әскери барлау) ротасы (рота командирі аға лейтенант Ж.Омаров), 1-ші барлау (әскери барлау) ротасы (рота командирі аға лейтенант А.Жакупов), реактивті артиллериялық батареясы (рота командирі міндетін уақытша атқарушы капитан Б.Тошаев) жайғасты. Бөлімді қамтамасыз ету құрылымдары арасында алғашқы орынды пилотсыз ұшу аппараттарының звеносы (рота командирі майор Р.Аюпов) ұтып алды. Келесісі байланыс взводына (взвод командирі лейтенант Д.Кесікпаев) бұйырды. Соңғысын материалды-техникалық қамтамасыз ету ротасы (рота командирі капитан С.Кабдулов) місе тұтты.

-         Барлаушылардың жаңа оқу жылындағы жауынгерлік және арнайы дайындық бойынша мақсат-мұраттары қандай болмақ?

-         Ел Президенті – ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы, ҚР Қорғаныс министрі, Бас штаб бастығы және Құрлық әскерлері бас қолбасшысы бекіткен әскери жүйенің барлық саласын, әсіресе әлеуметтік, материалды-техникалық қамтамасыз ету саласын жетілдіру жөніндегі шаралар шын мәнісінде еліміздің Қарулы Күштерінің имиджін көтеріп, әскери қызметтің абыройы мен беделін арттырады. Әскери қызметшілердің басты мақсат-мұраты – кәсіби біліктілікпен, жоғары тәртіппен және сенімді жауынгерлік әзірлікпен қамтамасыз ету. «Қарулы Күштердің 25 жылдығына – жоғары жауынгерлік дайындық!» ұранымен басталған 2017 оқу жылында да әскердің жауынгерлік қабілеттілігінің жоғары деңгейін сақтауға, жауынгерлік әзірлік сабақтарын ұйымдастыру мен өткізудің сапасын арттыруға барынша күш салынады. Әрине, алда тұрған міндеттер жетерлік. Қарулы Күштеріміздің құрылғанына 25 жыл толуына арналатын әскери шеру, «Қаратау-2017», «Мерген шебі», «Артиллериялық атыс шеберлері», «Пилотсыз ұшу аппараты экипаждарының сайысы» және тағы да басқа айтулы шараларға сапалы дайындық қажет. Мәселен, биыл 29 шілде мен 12 тамыз аралығына белгіленген әскери мамандықтарға қатысты «АрМИ-2017» бағдарламасына далалық, әуе және теңіз дағдысы бойынша барлығы 27 байқау енгізіліп отыр. Осы жаттығулардың қай-қайсысы болмасын әскерилерді үздіксіз барлау жасауға, әскери техника мен қару-жарақ және қорғаныс құралдары мен маскировка жасауды шебер қолдануға, жауынгерлік қимылдардың элементтерін одан әрі жетілдіруге, жоғары деңгейдегі ширақтық пен ұйымшылдыққа, тәртіп пен ауызбіршілікке үйретеді.

Әңгімеңізге рахмет. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"