Әскерилер 7-20-25 бағдарламасының игілігін көруде

Биылғы жылдан бастап әскери қызметтің беделін, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік-құқықтық мәртебесін арттыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойылған болатын.

 Әскери қызметшілерге екінші деңгейлі банктердегі жеке арнаулы есеп-шотына ай сайын тұрғын үй төлемдері аударылып, Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтының әскери қызметшілері де «Әскери баспана», «Өз үйім» және «7-20-25» бойынша тұрғын үй беру бағдарламалары арқылы 31 әскери қызметші пәтерлер алып қоныс тойларын тойласа, қызмет өтілі жиырма жылдан асқан әскери қызметшілеріміз біржолғы ақшалай өтемақыларын дер кезінде алуда. Институт басшысы полковник Асқар Мұстабеков жеке құрамның уақтылы өтемақылары мен үй алуын және әскери қызметшілердің отбасына алаңдамайтындай қолайлы жағдай жасалуын басты назарында ұстауы – соның айғағы. 

 Кезінде қызмет өтілі жиырма жылдан асса да қызметтік тұрғын үйі болмағандықтан институт қабырғасынан зейнетке шыққан әскери зейнеткерлер де біржолғы ақшалай өтемақыларын алды.  Сондай-ақ, қызмет өтілі жиырма жылға жетпеген әскери қызметшілерге жекешелендіруге жатпайтын қызметтік баспанамен, қамтамасыз етілген әскери қызметшілерге тиесілі төлемнен 50 пайыз көлемінде екінші деңгейлі банктерге ақшалай қаражат аударылуда.    

Қазіргі қолданыстағы заңнаманың тағы бір тиімділігі – тұрғын үй төлемдерін алушылар, қызмет өткеретін арнаулы мемлекеттік органнан немесе Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың мемлекеттік мекемесінен өзінің жеке арнайы шотына аударылған ақша туралы мәліметтерді жыл сайын талап етуге; жеке арнайы шотына пайдаланылмаған тұрғын үй төлемдерінің сомасын жинақтауға; тұрғын үй төлемдерін қызмет өткеретін жеріне қарамастан, Қазақстанның кез келген өңірінде мақсаты бойынша пайдалана алуы.  Өздеріңіз білесіздер, баспана алу проблемасы, әсіресе әскери қызметкерлер арасында әрдайым өзекті болған мәселелер біртіндеп шешімін табуда.  Бұрын тұрғын үй төлемдері тек жалға берушілердің қалтасына кеткен болса, бұдан былай бюджет шығындары әскерилердің баспаналы болуы үшін жұмсалады. Сондықтан, әскери қызметшілерді баспанамен қамтамасыз етудің жаңа механизмі өте маңызды.  Осыған орай, институт тұрғын төлемдері комиссиясының төрағасы подполковник Дархан Үмбетов, әйелдер кеңесінің төрайымы Ақбота Мұстабекова бастаған топ  «Әскери баспана» бағдарламасы бойынша пәтерлі болған Сержан Кұлжанбаев, Марат Ғаппаров, Лаура Есбалаева, Игорь Кондаков, Артем Савенко, Руслан Абжанов және «7-20-25» бағдарламасы бойынша баспаналы болған Руслана Кусаинова, Гүлмира Нүсіпова, Ботагөз Салтаеваларды қоныстануларымен құттықтап, тұрмыс-тіршілігімен танысып қайтты.  Жаңа үйге қоныстанған отбасылардың жоғары басшылыққа айтар алғысы шексіз.   Келешекте де қоныс тойын тойлайтын әскери қызметшілеріміздің саны арта беретініне кәміл сенемін. Еліміз тыныш, аспанымыз ашық болып, әр шаңырақта сәбилердің сыңғырлаған күлкісі кетпесін.

                                                                                                              А.Камбаева

Радиоэлектроника және байланыс әскери

инженерлік институты тұрғын үй төлемдері

комиссиясының хатшысы

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"