Каспий теңізінде корабльдерді теңізге шығуға дайындау басталды

Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің әртекті корабльдерінің дивизионында курстық тапсырманы пысықтау, яки, корабльдерді ұрыс пен жорыққа әзірлеу басталды. Курстық тапсырмаға «Сарыарқа», «Қазақстан» «Орал» зымыран-артиллериялық корабльдері және «Жайық» гидрографиялық кемесі қатысады.

Курстық тапсырма бар-жоғы үш элементті қамтиды: күнделікті ұйымдастыру, жауынгерлік ұйымдастыру және корабльді ұрыс пен жорыққа дайындау болып табылады. 21814 әскери бөлімі командирінің жауынгерлік және дене даярлығы жөніндегі орынбасары 3-дәрежелі капитан Рустам Жүнісовтің айтуынша, экипаж корабльдерді баптау, қару мен техникалық құралдарды пайдалану, корабльді, арнайы кезекшілік және вахталық қызметтерді ұйымдастыру, қарудың барлық түрлерінің оқ-дәрілер жиынтығын, жарылғыш, улы және өртке қауіпті заттарды қабылдау, орналастыру, күнделікті баптау және пайдалану мәселелерін регламенттейтін құжаттарды әзірлеумен айналысатын болады.

Одан басқа, курстық тапсырманы пысықтау шеңберінде корабльді, жауынгерлік бөлікті, бөлімшені, тұрақтағы барлық корабльді кестелер бойынша жеке құрамның іс-әрекеттерін басқару сұрақтарын зерделеу қарастырылған. Әскери-теңіз күштерінде курстық тапсырманы тапсыру суүсті корабльдер мен қосалқы кемелерді жауынгерлік тұрғыда дайындаудың негізгі элементі болып табылады. Аталған сабақтар жиі өткізіліп тұрады. Себебі, әрбір әскери корабльде жорыққа дайындаудың өзіндік ерекшеліктері болады. Оны жеке құрам жылдан жылға жетілдіріп тұрғаны абзал.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"