Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі навигацияның жабылуы

ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің гидрографиялық қызметі Каспий теңізі қазақстандық секторының су айдынының солтүстік бөлігінде навигациялық кезеңді жапты.

ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің гидрографиялық қызметі «Жайық» гидрографиялық кемесімен жүзбелі сақтандырғыш белгілерді, яғни, буй мен қадаларды алып тастау бойынша іс-шаралар кешенін өткізді. Буй мен қадалар қауіптерді, теңіз арналарын, фарватерлерді, ұсынылған бағыттарды, сондай-ақ күндізгі және түнгі уақытта теңізде жекелеген навигациялық қауіптерді тікелей қоршау үшін арналған. Буйлар мен қадалардың пайдаланылу кезеңі – жыл бойы.
«Ресми статистика бойынша Каспий теңізінің саяздану деңгейі жыл сайын 7 сантиметрге түсіп отыратынын айта кеткен жөн. Каспий теңізі қазақстандық секторының солтүстік бөлігі су айдынының шағын тереңдігін ескерсек, кемелердің жүруінің қауіпсіз бағдарының өзгеруіне әкеп соқтырады. Дәл осы навигациялық буйлармен тәуліктің күндізгі және түнгі уақытында теңіздегі ұсынылған қауіпсіз бағыт салынады. Қазіргі сәтте өздерінің орындарында жыл сайын пайдаланылуға арналған және мұз жамылғысынан, сондай-ақ Каспий теңізі қазақстандық секторының орташа бөлігінде орналасқан буйлардан қорықпайтын тек теңіз мұз буйлары қалды», - деп штурмандық жауынгерлік бөлігінің командирі лейтенант Бақытжан Қалдарбеков атап өтті.
Каспийдегі навигацияның жабылуы қысқы кезеңде теңіздегі қауіпсіздікті арттыру үшін арналған және ең алдымен, ауа райы жағдайының бұзылуы, мұздың пайда болуы және кеме жүзуінің өзге де кедергілерімен байланысты.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"