Кәсіпқой сержант

Кәсіпқой сержант

Мемлекеттік-құқықтық дайындық жауынгерлік әзірлік бағдарламасына енген пәндердің қатарында айрықша есепте.  Офицердің де, сержанттың да сана-сезімін сілкіндіріп, бойына қазақстандық патриотизм тұрғысындағы  тәрбиенің дәнін себер бұл пән әрқашанда маңызды болған. Сондықтан да мемлекеттік-құқықтық дайындық бойынша топ жетекшілеріне де салмақты да маңызды жүк артылады.

Бір мақтанарлығы, Құрлық әскерлерінің Әскери институтында өз міндетін мінсіз атқарып жүрген сержанттардың қатары көп. Солардың бірі – институттың сержант құрамымен жұмыс қызметінің нұсқаушы сержанты, 2 сынып сержанты Марат Бакишев.

Құрлық әскерлерінің Әскери институтытының 2017-2018 оқу жылының қортындысы бойынша мемлекеттік-құқықтық дайындығы бойынша ең үлгілі топ жетекшілері қатарында 2 сынып сержанты Марат Бакишевтің де аты аталып өтті.

2 сынып сержанты Марат Бакишев – институттың алғы қатардағы мақтаулы мамандардың бірі.

Алматы облысы Сарқанд ауданы Лепсі станциясында өмірге келген Марат бала кезінен әскери қызметші болуды арман еткен. Орта мектепті бітірген жылы Марат Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министірлігінің Кадет корпусына оқуға түседі. 1999 жылы кәсіпқой сержанттар қатарына қосылады. Бөлімше командирі, взвод командирінің орынбасары, батальон сержанты тәрізді нағыз кәсіпқой сержанттар өтер қызмет баспалдақтарынан өткен ол шынайы тәжірибе мектебінен сусындайды.

Құрлық әскерлері Әскери институтында әскери оқу орнының сержанттар құрамымен жұмыс қызметінің нұсқаушы сержанты болып тағайындалған уақыттан бері өзін тек кәсіпқой маман ретінде көрсете білді. Өзінің қызметтік міндеттерімен қатар, институттың сержанттар құрамымен мемлекеттік-құқықтық дайындық бойынша жетекшісінің орынбасары міндеттерін де атқарып жүр.

2 сынып сержанты Бакишев өткізген мемлекеттік-құқықтық дайындық сабақтары пәрменді де қызықты өтеді. Сол үшін кәсіпқой сержант бар күш жігерін, білім-тәжірбиесін салады. Марат Бакишевтің тобы әрқашанда мемлекеттік-құқықтық дайындық сабақтарынан жоғары көрсеткіштер көрсетеді.

–Көзі ашық, көкірегі ояу, білімі терең, тәжірибесі мол маман ғана бүгінгі азулы қарудың тізгінін тең ұстап, Отанының патриоты бола алады,- дейді 2 сынып сержанты Марат Бакишев.

        Жаңа оқу жылында Марат Бакишевтің тобы мемлекеттік-құқықтық дайындық жүйесі бойынша жаңа жетістіктерге жетеді деп білеміз.

Аида Бектұрова

ҚӘӘИ баспасөз қызметі

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства