Кәсіби кіші авиациялық мамандарын даярлау

     ҚР ҚК Кіші авиациялық мамандар мен  Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің кіші мамандарын даярлайтын орталық жыл сайын жас сарбаздарды, сонымен қатар келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді  қабылдап, білім беріп, маман ретінде шығарып отырады.    

78639 әскери бөлімінде қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінен әскери борыштарын өтеуге келген көктемгі шақырылымның 300 жас сарбазы оқып білім алуда. Олар осы аз уақыт ішінде тек әскери қызмет атқаруға дағдыланумен қатар, әскери әуе күштері және әуе шабуылына қарсы қорғаныс бағыттары бойынша білім алып, авиацияның қыр-сырларымен танысу үстінде. Жас сарбаздар үшін авиация – қызықты мамандық, олар бұл саланы барлық ынталарымен оқып, танысып жатыр, өйткені әр ер жігіт кішкентай кездерінде ұшқыш болуды армандайтыны қақ. Бұл олар үшін үлкен мүмкіндік.

Полковник С.Есқалиев басқарып отырған бұл орталықта білікті, тәжірибелі, өз істерінің шебер офицерлері мен сержанттары дәріс беріп, тыңдаушыларды өздерінің озық білімдерімен сусындатады. Олардың ішінде оқу-жаттығу үдерісі қызметінің аға офицері – оқытушысы подполковник Н.Б.Туленбаев, кіші авиация мамандарын даярлау мектебінің бастығы – оқытушысы подполковник Р.Б.Дайырбеков, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің кіші мамандарын даярлау мектебінің бастығы - оқытушы майор А.А.Айдархан, оқу-әдістемелік бөлімінің аға офицері – оқытушысы майор А.Д.Әділбеков, аға офицер оқытушысы капитан Р.Р.Абильдин, аға офицер - оқытушысы капитан Р.А.Горелов, кіші авиациялық мамандарды даярлау мектебінің нұсқаушы-сержанты 2-сыныпты сержант А.В.Герасимов, оқу-жаттығу взводының сержанты- жауынгерлік және дене дайындығы жөніндегі нұсқаушысы сержант А.К.Кожабеков сынды әскери қызметшілерді ерекше атап өтуге болады.

Сонымен, біздің оқу орталығы алдағы уақытта тек кәсіби авиациялық мамандарды даярлап, Қарулы Күштерінің қатарына үлес қосатынына сенеміз.

                                                                           

Капитан М.Ю.Канапьянова

ӘҚК 78639 әскери бөлімі

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"