Кадет сыныбы ашылды

Президенттің «Жас сарбаз» мамандандырылған сыныптарды құру, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жандандыру және әрбір мектептерде осы жұмыстарды қолға алу бойынша тапсырмаларын іске асыру мақсатында Шымкент қаласындағы №45 мектеп-гимназиясының қабырғасында мектеп оқушылары үшін әскери-патриоттық кадет сыныбы ашылды.

Аталған кадет сыныбының ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінің әскери қызметшілері, ардагер әскери қызметшілер, қызметкерлер мен ұландар қатары қатысты.

            Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебі мен № 45 мектеп-гимназиясы арасындағы қол қойылған Ынтымақтастық меморандумының аясында бірлескен іс-шаралар жоспары негізінде іс-шаралар жүргізілуде.

Осындай жобаларды әрі қарай дамытуда Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінің жеке құрамы ашылған кадет сыныптарын керек-жарағымен қамтып, жастарға кәсіби дәріс беретін мамандарды жіберуге дайын екенін атап өтті.

 

Қызметкер Сара СПАБЕК

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"