Кадет корпусының кадеттерімен әскери тағылымдама өткізілуде

Құрлық әскерлерінің әскери бөлімдерінде ҚР Қорғаныс министрлігі Кадет корпусының бітіруші роталары кадеттерінің әскери тағылымдамасы жалғасуда.

Желтоқсан айында кадеттердің әскери тағылымдамасының өткізілуі болашақ сержанттарға тактикалық-саптық сабақтардан бастап бөлімшелердің жауынгерлік оқ атуларына дейін жауынгерлік даярлықтың барлық бастапқы кезеңдеріне іс жүзінде қатысуға мүмкіндік туғызды. Тағылымдама барысында әскери бөлімдер мен бөлімшелердің қолбасшылығы тағылымдамадан өтушілердің барынша білім мен практикалық машықты игерулеріне барлық күш-жігерлерін салуда. Мамандарды дайындау кезеңінде кадеттер сарбаздардың оқу үдерісін байқап қана қоймай, сонымен бірге, оқу нүктелерінде басшылардың және сабақ жетекшілерінің көмекшілері рөлінде болып өздерінің әдістемелік дағдыларын арттырды. Қазіргі уақытта кадеттер бөлімшелерді дайындау тақырыбын меңгеруде.
«Тағылымдамаға келіп қазір ғана мен шынымен сержанттардың рөлі мен міндеттерін сезіндім. Сержант болу өте жауапты тапсырма екенін түсіндім. Бұл жерде біз жеке құрамды өзіндік басқару, жауынгерлік даярлық пен жауынгерлік оқ атулар бойынша сабақтарды өткізілуі, қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану тұрғысында мол практикалық тәжірибе жинақтаудамыз», - деді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 82796 әскери бөлімінде тағылымдамадан өтіп жүрген кадет Арман Серікпай.
Кадеттер Қарулы Күштердің мотоатқыш, танкті, артиллериялық, десанттық-шабуылдау бөлімшелері мен теңіз жаяу әскерлері бөлімшелерінің командирлері лауазымдарында тағылымдамадан өтіп жатқанын естеріңізге сала кетейік. Әскери тағылымдаманың қалған екі аптасында кадеттер бөлімшелердің жауынгерлік оқ атуларын өткізуде практикалық тәжірибе алады, командалық машықтарын шыңдайды. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының сержанты Сәрсен Батырашевтің айтуынша, Гвардейск гарнизонында тағылымдамадан өтіп жатқан жас кадеттер жеке дайындықтың жоғары деңгейін паш етті.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"