Іс-қимыл машықтарын жетілдіруде

Іс-қимыл машықтарын жетілдіруде

2017 жылға арналған Қарулы Күштердің дайындық жоспарына сәйкес ҚР ҚК Аумақтық қорғаныс бас басқармасы Павлодар және Ақмола облысының аумақтық қорғаныс бригадаларының басқармаларымен командалық-штабтық оқу-жаттығулар өткізуде.

Командалық-штабтық оқу-жаттығуларға Павлодар және Ақмола облыстарының аумақтық қорғаныс бригадалары басқармаларының қолбасшылығы мен лауазымды адамдары тартылады. Аталған оқу-жаттығулардың негізгі мақсаты аумақтық қорғаныс бригадалары басқару органдарының жауынгерлік әзірлігін, сондай-ақ облыстардың (аймақтардың) аумақтық қорғаныс тапсырмаларын шешу барысында жоспарлаушы жауынгерлік және графикалық құжаттарды әзірлеуде, әскери жағдай режімін қамтамасыз ету жөнінде практикалық тапсырмаларды пысықтауда аумақтық қорғаныс бригадалары басқармалары командирлерінің, лауазымды адамдарының үйлесімділіктері мен іс-қимыл машықтарын жетілдіру болып табылады.

Одан басқа, аумақтық қорғаныстың маңызды тапсырмалары елді мекендерді, маңызды объектілер мен коммуникацияларды қорғау мен күзету, халықты қорғау болып табылатынын айта кеткен жөн. Көрсетілген тапсырмаларды орындау үшін Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігі шегінде тиісті міндеттерді орындау үшін арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтық әскерлер ұсталады. Командалық-штабтық оқу-жаттығулар ағымдағы жылғы 16 тамызда аяқталады.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: как в казахстанской армии работают над профилактикой правонарушений

Инфографика: как в казахстанской армии работают над профилактикой правонарушений