Инженерлік әскерлер мен РХБҚ әскерлері кіші мамандарының шығарылымы

Алғаш рет ҚР ҚК Арнайы әскерлер бас басқармасына қарасты 65476 әскери бөлімінің базасында (Қапшағай қ.) салтанатты жағдайда инженерлік әскерлер мен радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлері кіші мамандарының шығарылымы өткізілді.

Алты ай бойы курсанттар әртүрлі инженерлік техниканың механик-жүргізушілері, әскерлерді далалық сумен қамтамасыз ету және инженерлік қару-жарақ құралдарын жөндеу маманы, химик-барлаушылар және химик-газсыздандырғыштар мамандықтары бойынша жан-жақты дайындықтан өтті. Оқыту кезеңі барысында курсанттармен жауынгерлік, арнайы және техникалық дайындықтың барлық түрлері бойынша сабақтар өткізілді. Оның нәтижесінде олар ҚР ҚК-нің әртүрлі бөлімдерінде әрі қарай қызмет өткеру үшін қажетті кәсіби білім алды.

Оқыту кезеңі барысында курсанттарға қойылған негізгі талаптар газтұмшаны, жалпыәскери қорғаныс костюмін кию, химиялық кедергілер жолағынан өту, қатерсіздендіруді, газсыздандыруды және киім-кешекті, штаттық қару-жарақ пен әскери техниканы зарарсыздандыру бойынша нормативтерді орындау болып табылды. Курсанттарды дайындауда оқу взводының командирі аға лейтенант Нұрболат Ахаев айрықша дағды мен кәсіпқойлықты көрсетті. Ал түлектер арасында барлық емтихандарды «үздік» деген бағаға тапсырған курсант Самат Сәрсенов пен Мұсабай Сайдынов ерекше көзге түсті. Іс-шараға жергілікті атқару органдарының, Қапшағай гарнизоны әскери бөлімдері қолбасшылығының өкілдері, ардагерлер, курсанттардың ата-аналары мен шақырылған қонақтар қатысты.

Бітірушілерге сертификаттар мен кіші мамандардың куәліктері тапсырылды. Курсанттар өздерінің талпыныстары, тәртіптері және кәсіпқойлықтарымен әрі қарайғы қызмет өткеруге дайындықтарын паш етті және шығарылымнан кейін бірден еліміздің түкпір-түкпіріне Қазақстан Республикасының тыныштығын сақтау бойынша өздерінің әскери борыштарын орындауды жалғастыруға аттанады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"