Инженерлік әскер құрылымдарының жиыны

Инженерлік әскер құрылымдарының жиыны

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының полигонында 54770 әскери бөлімі инженерлік әскер құрылымдарының далалық жиыны басталды.  

   Инженерлік әскер құрылымдары «Шығыс» полигонында тактикалық дайындық бойынша теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде бекітеді. Тапсырмаларды жауынгерлікке жақындатылған жағдайда орындаудағы дайындықтың деңгейін арттырады. Ұрыстың кез-келген түрін инженерлік жағынан қамтамасыз етудің әдістерін далалық жағдайда меңгереді. Далалық жиында командирлер жауынгерлік қимылдарды инженерлік қамтамасыз етуді ұйымдастырудың, ұрыс кезінде құрылымдарды үзбей басқарудың, инженерлік әскер құрылымдарының арасындағы өзара әрекетті ұйымдастыру мен қолдаудың және оны жан-жақты қамтамасыз етудің тәжірибелік дағдысын жетілдіреді. Жеке құрам әр түрлі жерде күндіз және түнде, сондай-ақ, ұрыс даласында күрделі жағдайда инженерлік қару-жарақ құралдарын тиімді пайдаланудың машықтарын да игереді. Жиынның нәтижесінде жеке құрам жүктелген міндетті атқаруда кәсіби біліктілігімен ерекшеленбек.

 

Алуа ИСКАКОВА

Суреттерді түсірген автор

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства