Инженерлік әскер құрылымдарының жаттығуы

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының жалпыәскери полигонында 54770 әскери бөлімінің инженерлік әскер құрылымдарының қатысуымен роталық тактикалы-арнайы жаттығу өтті.

Инженерлік әскер құрылымдары «Шығыс» жалпыәскери полигонында тактикалық дайындық бойынша теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде бекітті. Тапсырмаларды жауынгерлікке жақындатылған жағдайда орындаудағы дайындықтың деңгейін арттырды. Ұрыстың кез келген түрін инженерлік жағынан қамтамасыз етудің әдістерін де далалық жағдайда меңгерді. 

Роталық тактикалы-арнайы жаттығуда командирлер жауынгерлік қимылдарды инженерлік қамтамасыз етуді ұйымдастырудың, ұрыс кезінде құрылымдарды үзбей басқарудың, инженерлік әскер құрылымдарының арасындағы өзара әрекетті ұйымдастыру мен қолдаудың және оны жан-жақты қамтамасыз етудің тәжірибелік дағдысын жетілдірді. Жеке құрам әр түрлі жерде күндіз және түнде, сондай-ақ, ұрыс даласында күрделі жағдайда инженерлік қару-жарақ құралдарын тиімді пайдаланудың машықтарын игерді. Жаттығудың нәтижесінде бөлім командирі подполковник Мадьяр Сәрсенбекұлы Увалиевтың жетекшілігімен жеке құрам жүктелген міндетті атқаруда кәсіби біліктілігімен ерекшеленді.

   Айта кетейік, тактикалы-арнайы жаттығу басқарма пунктерінде, командалық пунктерде, түкпірде орналасқан командалық пунктер мен басқарманың тыл пунктерінде фортификациялық жұмыс жүргізіп, саптық есептоппен төрт қатарлы мина алаңын орнатуды, сондай-ақ, жару әдісімен танкіге қарсы ор қазып, колонна жолдарын салу мен күтуді мақсат етеді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"