«Халықтың сүйіктісі» атанды

«Халықтың сүйіктісі» атанды

Алғаш рет жыл сайынғы «Халықтың сүйіктісі» жүлдесінде ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі сержант Ғалымжан Әлеуханов марапатталды.

«Халықтың сүйіктісі» жүлдесі елордада сегізінші рет өткізілуде және жүлде аясында алғаш рет «Жыл әскери қызмтешісі» аранйы номинациясы табыс етілді.  2017 жылғы 28 шілдеде сержант Ғалымжан Әлеуханов қызметтен келе жатып, өзінің үйінің маңайында бес қабатты үйдің терезесінен шығып жатқан түтінді байқап қалғанын естеріңізге сала кетейік. Уақытты құр жоғалтпай Ғалымжан өрт сөндіру сатысына жүгіріп барып, оның көмегімен шатырға шығады. Жабынқышты жұлып алып, мансардтық үй-жай арқылы кіреберіске кіріп, пәтердің ішіне тап болады. Онда жатын бөлмеде 4 және 5 жастағы екі баланы тауып алады. Кішкентай бүлдіршіндер ес-түссіз жатады.  Бір секундты жоғалтпай сержант Ғ.Әлеуханов оларды пәтердің ішінен алып шығады. Батылдық пен табандылық танытып, Ғалымжан балалардың өмірін аман алып қалады. Танытқан қайсарлығы үшін сержант Ғ. Әлеуханов «Ерлігі үшін» медалімен марапатталады, сондай-ақ «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жеңімпаздарының бірі болып табылады. 



Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи