Халықаралық додаға сақадай-сай

Халықаралық додаға сақадай-сай

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының үздік танк экипажы мен үздік мергені Қазақстан Қарулы Күштері атынан 2018 жылғы халықаралық армия ойындарына қатысады.

Биыл «Батыс» өңірлік қолбасшылығы өз әскери қызметшілерін халықаралық армия ойындарына қатысу үшін жан-жақты дайындаған болатын. Алдын-ала түрлі конкурс санаттарында командалар жинақтап, қаңтар айынан бері дайындық басталып кетті. Іріктеу сайыстарында ең үздік нәтиже көрсеткен танк экипажы мен үздік мерген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің «Танк биатлоны» мен «Мерген шебі» конкурсына қатысады.

«Танк биатлоны» конкурсының негізгі құрамына 25744 әскери бөлімінің механик-жүргізушісі аға сержант Тоқтар Бажиев пен көздеуші-оператор аға сержант Айдар Талапов жақсы нәтиже көрсетіп, бүгінгі күні Аягөз қаласындағы «Майлино» полигонында соңғы дайындықтарын жүргізуде. Сонымен қоса, «Батыс» өңірлік қолбасшылығының үздік мергені Атырау қаласы 41433 әскери бөлімінің әскери қызметшісі кіші сержант Артур Адилов та «Снайперский рубеж» конкурсына қатысатын негізгі құрам мүшесі атанды. Былтырғы Отар кентінде өткен осы конкурста, кіші сержант Артур Адилов Қазақстан Қарулы Күштеріне бірінші орын алып келген болатын. Биыл «Танк биатлоны» жарысы Ресей Федерациясы, Мәскеу облысындағы әйгілі «Алабино» полигонында өтсе, «Снайперский рубеж» мергендер сайысы Беларусь Республикасының Минск қаласында өтеді.

Естеріңізге сала кетсек, биылғы халықаралық армия ойындары 29 шілде мен 12 тамыз аралығында Қазақстан, Ресей, Беларусь, Иран және Армения аумағында өтетін болады. Қазақстан Республикасының территориясында 28 сайыстың 3 өткізіледі, олар «Уверенный прием», «Мастера артиллерийского огня» и «Соколиная охота» конкурстары. Осы жылы ойынға қатысушы мемлекеттер саны 30-дан асты.

Халықаралық армия ойындары тәріздес іс-шаралар тек қана әскери қызметшілер үшін ғана емес, барша мемлекет үшін маңызы зор. Себебі, сайысқа дайындық және оны өткізу барысында Қарулы Күшетерінің күш-қуаты артумен қатар, халыаралық ынтымақтастық деңгейі де жоғарылай түседі.

 

 

Капитан Рустем Игисинов

 

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы Басқармасының

баспасөз қызметі


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

Броньды машиналар кәсіпорны

Броньды машиналар кәсіпорны

БКМ "Барыс 8х8"

БКМ "Барыс 8х8"