Гвардейск гарнизонында сарбаздарды үйіне шығарып салды

Қазір Қазақстанның барлық Гарнизондарында мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді үйлеріне аттандыру шаралары жүргізілуде. Содай іс-шараның бірі Гвардейск гарнизонында орналасқан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдер арасында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Бұл үлкен іс-шарада Гвардейск гарнизонының 21450 әскери бөлімінің саптық алаңында барлық әскери бөлімдерінің мерзімді қызметтегі сарбаздарды еліне шығарып салу салтанаты өтті. Осыдан бір жыл бұрын, яғни өткен жылдың күзінде Қарулы Күштердің қатарына шақырылған сарбаздар. Олар осы мерзім ішінде тәжірбиелі, білікті офицерлер мен сержантардың тәлімін алды. Әскери өмірді өз көздерімен көріп, ондағы қатаң тәртіпке бой үйретті. Бір жыл ішінде өткен талай оқу-жаттығу сынақтарына қатысып, жауынгерлік қабілеттерін шыңдап,  әскери техникаларды меңгерді. Еліміздің әр аймағынан келген олар мұнда достықтары нығайып, әскери өмірдің ыстық-суығына бірге төзді. Жырақта жүріп, туған жердің, ағайын-туыстың қадірін сезді. Осылайша олардың жадында әскери өмірден әрдайым еске алатын жағадайлары қалды.

Салтанатты шарада 40-шы «Отар» Әскери База бастығының бұйрығымен өз қызметтерін адал атқарған сарбаздар марапатталып, «Оңтүстік» өңірлік әскерлері қолбасшысы генерал-майор М.Хусаинов Отан алдындағы борышын аброймен өтеген сарбаздарға өз алғысын білдіре келе, олардың арасынан айрықша көзге түскендерін көпшілік ортасында атап өтті. Ал шара барысында сөз алған «Оңтүстік» өңірлік әскерлері қолбасшысының орынбасары  40-шы «Отар» Әскери Базасының бастығы полковник Б.Куренкеев: «Сарбаздарды салтанатты жағдайға шығарып салу рәсімі елдегі әскери қызметшілерді тәрбиелеуде маңызы зор. Сондай-ақ, туған жерлеріне аттанып бара жатқан сарбаздарымыздың орнына келетін ел жастарының жігерін жаниды, әскерге ынталандырады», деп атап өтті.

Іс-шараның соңында гарнизонның жеке құрамы алаңда саптық үлгісін көрсетіп, қайтатын сарбаздарға құрмет жасады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"