Гвардейск гарнизонында бригадалық тактикалық оқу-жаттығу басталды

ҚР Қарулы Күштерінің даярлық жоспарына сәйкес Жамбыл облысындағы «Отар» 40-шы әскери базасының аумағында жауынгерлік оқ атумен бригадалық тактикалық оқу-жаттығу басталды.

 Бригадалық тактикалық оқу-жаттығу 3 кезеңде жоспарланды. Бригадалық тактикалық оқу-жаттығу шеңберінде «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің бірі жауынгерлік әзірлікке келтірілді. Белгі берілген сәттен бастап жеке құрам белгіленген уақытта қару ме экипировка алу үшін және әскери техниканы жауынгерлік машиналар паркінен роталық лектерді қалыптастыру ауданына әрі қарай шығару үшін бөлім аумағына келді. Ұйымдастыру шараларын пысықталғаннан кейін жеке құрам мен әскери техника оқу-жаттығу өтетін ауданға 30 шақырымдық марш жасады. Марш түнгі уақытта өтті.  Оны жасау барысында барлауды жүргізу, армиялық авиациямен лектерге ілесіп жүру, диверсиялық барлау топтарының шабуылына тойтарыс беруді іс жүзінде пысықтады. Күндіз «Отар» теміржол станциясына Тараз, Шымкент және Арыстан оқу-жаттығу өтетін ауданға қосымша «Оңтүстік» ӨңҚ өзге құралымдарының жеке құрамы және әскери техникасымен эшелондар келді. Жалпы құрамда көрсетілген бөлімшелер оқу-жаттығу өтетін жерде қойылған тапсырмаларды орындайтын бригадалық тактикалық топ құрады.  Марш жасап, жиналғаннан кейін шоғырлану ауданында әскери қызметшілерге қорғаныс ұрысын дайындау, оның ішінде, шешім қабылдау, өзара іс-қимылды ұйымдастыру, позицияларды инженерлік жабдықтау және т.б. іс-шараларды жүзеге асыруға тура келеді. Оқу-жаттығудың шешуші кезеңі қорғаныс ұрысын жүргізу болмақ. Оның эпизодтары күндізгі және түнгі уақытта өткізіледі. Аталмыш бригадалық тактикалық оқу-жаттығудың ерекшеліктері радиоэлектронды күрес құралдарын шынайы қолдану, болып табылады. Күрдел іқысқы жағдайда оқу-жаттығуды өткізу және түнгі уақытта оқу-жаттығудың эпизодтарын пысықтау төзімділікті тексеру болмақ. Түнгі ұрыс барысында «танк әткеншегі» пысықталады. Оның қағидаты танктің үздіксіз шабуыл жасауына негізделген. Атып болған танк зеңбіректі оқтауға шегінген кезде өзге танктер атысты жүргізуді жалғастырады. Заманауи қақтығыстар тәжірибесі оқ атудың аталмыш әдітемесінің жоғары тиімділігін көрсетуде. Бұл танктер мен экипаждардың жандылығын арттыруға, бұл ретте үздіксіз атысты жүргізуге мүмкіндік береді. Бригадалық тактикалық топтың іс-қимылдарын Бас штабтың, Құрлық әскерлері бас қолбасшысының штабы мен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының өкілдері бақылауда. Басты бағалау өлшемшарттары келіп түсетін өкімдердің белгіленген уақытта, жоғары сапада пысықталуының уақтылы орындалуы болып табылады. Оқу-жаттығуға барлығы екі жарым мыңға жуық әскери қызметші мен 400 бірлік қару-жарақ пен әскери техника қатысуда.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"