Жол-көлік оқиғаларының алдын-алуға бағытталды

Жол-көлік оқиғаларының алдын-алуға бағытталды

Семей өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының әскери автомобильді полиция бөлімінің жеке құрамы ҚР Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы бастығының жеделхатының талаптарын орындау мақсатында акция ұйымдастырды.

   Семей гарнизонындағы «Автомобиль – жоғары апат көзі» акциясында әскери автомобильді полиция бөлімінің өкілдері әскери көлікті және жеке автокөлікті жүргізуші әскери қызметшілерді тоқтатты. Оларға қауіпсіздік шараларын сақтау және жол-көлік оқиғаларының алдын-алу өзекті мәселе екенін түсіндірді. Жеке автокөлік иелерімен құқықтық, жол қозғалысының ережелерін бұзғандармен өткізілген жеке тәрбие жұмыстары жайында айтты. Әскери қызметшілердің жеке меншік автокөліктерінің жай-күйлері, көлік жүргізуші куәліктері, сақтандыру полистері, сенім хаттары, алғашқы медициналық көмек көрсету қобдишасы, жол-көлік оқиғасында пайдаланылатын белдіктері жөнінде де түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Әңгімелесу кезінде алдын-ала әзірленген жол-көлік оқиғаларын сауықтыру тақырыбындағы нұсқамалар да таратылды. Шараның барысы «SEMEI» телеарнасында көрсетіліп, бөлім бастығы подполковник Құрманғазы Ықымбаев әскери қызметшілердің қатысуымен болатын жолдағы құқықбұзушылықтар мен оқыс оқиғаларды барынша азайтуға бағытталған акцияның тиімділігі жайында сұхбат берді.

 

Алуа ИСКАКОВА

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи