Ғарышкер Айдын Айымбетов "Ер - елдің қорғаны" акциясына қатысты

«7 мамыр ерік-жігері мықты, қайсар мінезді ер азаматтардың мейрамы болып есептеледі. Әрбір ер адам жауынгерлік бекетте немесе өзге де жағдайларда ең алдымен, өзінің отбасы және Отаны үшін сенімді тірек, қорғаушы болып келеді.  Және әрқайсысы өзінің қажырлы немесе бейбіт қызметімен Қазақстанның егемендігі мен күш-қуатын нығайтады, оның дамуы мен өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосады», - деді Айдын Айымбетов.

Әскери ұшқыш, ғарышкер сынаушы, Қазақстанның халық батыры Айдын Айымбетов Отан қорғаушылар күні қарсаңында Қарулы Күштері өткізіп жатқан «Ер – елдің қорғаны» акциясына қатысты. #kzarmy и #7мамыр хэштегімен әлеуметтік желілерде өтіп жатқан осынау құттықтау акциясы бүкіл Қазақстанды қамтыды.  500-ге жуық адам барлық әлеуметтік желілерде 7 мамыр символикасы түрінде салынған аквагримі бар  өз фотосуреттерін жолдады. Аталмыш акция Қазақстанның танымал блогерлері, журналистері, әйгілі эстрада жұлдыздары Роза Рымбаева, Тамара Асар, сондай-ақ ұлтжандылықтарын танытып, Отан қорғаушылар күнімен құттықтағысы келген қарапайым қазақстандықтар арасында да қолдау тапты.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"