Жеткіншектер сарбаздар тіршілігімен танысты

75263 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Жандос Әділбаевтың ұйымдастыруымен «Отар» әскери базасында орналасқан №43 орта мектебінің оқушыларымен Ашық есік күні өтті. Өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатындағы шара барысында жеткіншектер бөлімнің тыныс-тіршілігімен танысып, сарбаздардың күнделікті іс-әрекетін тамашалады.

Подполковник Жандос Әділбаев алдымен оқушыларға Қазақстан Қарулы Күштерінің тарихы туралы әңгімелеп, инженер әскерлерінің қызметімен – танкіге қарсы мина қоюды, алаңды минадан тазартуды және өткелдерге көпір салу жолдарын көрсетті. Сонымен бірге жасөспірімдер арнайы сапер киімдерін киіп көрді, әскери техникалармен танысу үшін далалық алаңға барды. Жоспарға сәйкес, оқушылар сарбаздардың үй-жайымен, оқу орнымен, кітапханамен және әскери асханамен танысты. Оқушылардың арасындағы өзара сайыста – автоматты шашып-жинауда, тир атуда, газтұмылдырығын киюде Аманбай Алтай, Мейірхан Дамир және Өрісбай Ақтолқын ерекше көзге түсті.

Әскери өмірді оқушылар өз көздерімен көріп, үлкен әсерде болды және болашақта әскери қызметкер болатындықтарын жеткізді. Жас жеткіншектердің Отанға деген құрмет сезімі сезіліп тұрғаны байқалады. Мұндай Ашық есік күні алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенімдіміз.

Іс-шара соңында Отан қорғаушылардың қаһармандығы мен жетістіктерін айта отырып, бөлім командирі полковник Нұрлан Абдуқадыров ұжым атынан оқушыларға естелік сыйлықтар табыс етті.

А.Раимбердиева

         75263 әскери бөлімі        

 

 



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"