Генерал-майор Мұрат Бектанов Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды

Генерал-майор Мұрат Бектанов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Мұрат Кәрібайұлы Бектанов 1965 жылы 18 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы Соколовский ауданының Соколовка селосында дүниеге келген. Киев жоғары жалпыәскери командалық училищесін тәмамдаған. ҚР  ҚК  Әскери академиясында, РФ ҚК Бас штабының Әскери академиясында оқыған.

Мотоатқыштар взводының командирі (1989-1990), десанттық-шабуылдау батальонының барлау бастығы (1990-1993), Алматы жоғары жалпыәскери командалық училище курсанттарының рота, взвод командирі (1993-1997), МАБ командирінің орынбасары-штаб бастығы (1997-1998), ҚР ҚМ жауынгерлік әзірлік департаментінің офицері (1998), академия тыңдаушысы (1998-2000), ҚР ҚК Бас штабы жедел жоспарлау департаментінің аға офицері, топ бастығы (2000-2001), Республикалық гвардияның жауынгерлік қызмет және әскерді дайындау департаментінің бастығы (2001-2005), Бас штаб Әскери академиясының тыңдаушысы (2005-2007), ҚР ҚМ Штаб бастықтары комитетінің жедел жоспарлау департаменті бастығының орынбасары (2007-2010), ҚР ҚМ Штаб бастықтары комитетінің жедел жоспарлау департаментінің бастығы (2010-2013) қызметтерінде болды.

2013 жылы 6 мамырда ҚР Президентінің 560-шы Жарлығымен  генерал-майор жоғары әскери атағын алды. 2013 жылдың 5-ші шілдесінен бастап «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болған.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"