Жемқорлықтың алдын алу мен ескерту

   «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 44736 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен болған кездесуде «Армияда қылмысқа орын жоқ» бағдарламасын іске асыру жұмыстарын жүргізу аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мен ескерту мәселелері қозғалды.

Шығыс аймағының әскери прокурорының орынбасары әділет подполковнигі Талғат Бермағамбетов пен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің аға маманы Ғалымжан Исимбеков жеке құрамға сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары мен құқық бұзушылықтың жазалары, сондай-ақ, бұған дейін тіркелген сыбайлас жемқорлыққа қатысты фактілер туралы ақпарат берді. Пара алу да, пара беру де – бас бостандықтан және болашақтан айыратын қылмыс екенін баса айтты. «Қазақстанда 2016 жылы пара бергені үшін 100-ден астам адам сотталған. Қылмыстық кодекс 4538 теңгеге дейін сыйлық бергенде 453 800 теңге көлемінде айыппұл, 4538 теңгеден астам пара бергенде параның 20 еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл немесе мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру, ал 4538 теңгеге дейін сыйлық алғанда 1 361 400 теңге көлемінде айыппұл, 4538 теңгеден астам пара алғанда параның 50 еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл немесе мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады»,- деді олар. Сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша хабарлаған немесе онымен күресуге ат салысқан азаматтар қылмыстық жауапкершіліктен босатылатыны, біржолғы ақшалай сыйақы алып, мемлекеттің қорғауында болатыны құлақ қағыс етілді. Пара алу кезінде қылмысы әшкереленген, мемлекет қазынасына шығын келтірген, бас бостандығынан айрылып, түзеу мекемелерінде жазасын өтеуші лауазымды тұлғалар жайында фильмдер де көрсетілді.  


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"