Желтоқсан құрбандарын еске алды

Астана маңындағы 19132 әскери бөлімінде ел Тәуелсіздігінің 26 жылдығы мен 1986 жылғы 16 желтоқсан оқиғасына арналған шара өтті. Азат елдің әнұранымен басталған бұл шарада жиналғандар желтоқсан оқиғасының құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.

«Биыл еліміздің Тәуелсіздік алғанына 26 жыл толып отыр. Біз Тәуелсіздік туралы айтқанда дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылғы желтоқсан оқиғасынан аттап кете алмаймыз. Сол кезде «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты» қазақ жастары қандай қиындық көрсе де барлығына төтеп беріп,  өздерінің азаматтық, ұлттық рухтарына дақ түсірмеді. Бүгінгі ұрпақ біздер боздақтардың қан төгіп, жан қиюымен келген Тәуелсіздікттің бағасын білуіміз керек. Қазіргі таңда еліміз әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде өмір сүріп жатыр. Ал мұның барлығы Елбасымыздың 26 жылда жасаған өлшеусіз еңбегінің жемісі», – деді 19132 әскери бөлімінің командирі полковник Марал Кәрімов.
Жиын барысында 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы және Қазақстанның 26 жылда жеткен жетістіктері мен бағындырған белестері туралы видео роликтер көрсетілді.
Сондай-ақ, шара соңында ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жанұзақовтың бұйрығымен бірқатар азаматтар «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері» және «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен марапатталды.  

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"