Жеке құрамға үлгі көрсетті

Жеке құрамға үлгі көрсетті

Жазғы оқу мерзімінің басы десанттық-шабуылдаушы әскерлерінде әуеден секірумен басталды.

Бірінші болып Ми-17 тікұшағының бортынан Десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Әбубәкіров Қаныш Асанханұлы көрінді. Секіру алаңында бәрі тең. Көк аспан қатардағы жауынгерлер мен генералдарды ажыратып жатпайды, бірақ сонда да мерзімді әскери қызметтегі сарбаздар қатарларынан қолбасшыны көргенде, бойларындағы қорқыныш сезімін жеңгендей болды. Таныстыру бағытында жүзеге асырылатын бірінші секірісте Десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің 32363 әскери бөліміне шақырылған 600-ден астам гвардияшы парашютпен жерге қонды. 800 метр биіктіктен секіру алдында әрбір сарбазға егжей-тегжейлі нұсқаулық жүргізіледі, секіруге қажетті барлық құралдары тексеріледі. Нұсқаушылар: «Шегінерге жол жоқ. Жерге тек парашютпен қонамыз»,- деп әзілдегенімен, олар жерге жеткенше алаңдау үстінде болады.

–Әрине, толқу сезімі болды. Біз секірер алдында көп дайындалдық. Жер бетінде секіру алды дайындығынан өттік. Ауада орын алатын барлық элементтерді жер бетінде шыңдадық. Парашютті жинауды үйреніп, тренажерларда жаттықтық,-дейді сарбаз Станислав Кошлев секірер алдындағы көңіл-күйімен бөлісіп. Алайда ерлік пен табандылықты, көк аспанға деген айрықша махаббатын көк тарландарына үлгі ретінде көрсету үшін тікұшақ бортынан бірінші болып Десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Әбубәкіров Қаныш Асанханұлы секірді.

–Жеке құрамды тәрбиелеудегі ең тиімді тәсіл – оларға үлгі бола білу. Біз қанша қойылған тапсырмалардың орындалуын талап еткенімізбен, жеке құрамның әскери іске деген махаббатын ояту және кеудесіндегі отты жаға білу үшін өзің үлгі бола алуың қажет,- дейді қолбасшы. Бір жыл мерзімдік қызметі кезінде Десанттық-шабуылдаушы әскерлеріне шақырылған әрбір сарбаз кем дегенде бес рет секіруі қажет. 2019 оқу жылының толық жауынгерлік даярлық бағдармасына сәйкес десантшылар үшін 10000-нан аса секіріс жоспарланып отыр, оның ішінде 700-ден астамы түнде және 70-і су бетіне жасалуы тиіс.

Лейтенант Гүлмира Полатбек,

12881 әскери бөлімінің офицер-психологы

 

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи